Бас директордың бірінші орынбасары, профессор Досмұрат Айтқұлов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президиумының Қызылорда қаласында өткен «Қуатты өңірлік ғылым - қуатты өңір» тақырыбындағы көшпелі отырысына қатысты.
Отырысты ҰҒА президенті, академик Акылбек Куришбаев жүргізіп, жиын Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы - әкімнің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов және ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нурбектің сөз сөйлеуімен ашылды.
Жиын жұмысына облыс әкімінің орынбасарлары, әкімдік құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, еліміздің жетекші ғалымдары, ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтардың өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, сондай-ақ өндіріс пен бизнес саласының өкілдері қатысты. Ғылыми-инновациялық әзірлемелердің нәтижелеріне арналған көрме ұйымдастырылды. Академия мүшелері мен республика өңірлерінен ғалымдар онлайн форматта қосылып отырды.
Іс-шара барысында Досмұрат Айтқұлов «Қызылорда облысының минералдық және техногендік шикізатын кешенді өңдеу: мәселелері мен перспективалары» тақырыбында баяндама жасап, «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатын кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталық» РМК базасында іске асырылып жатқан ғылыми-инновациялық жобаларға тоқталды, сондай-ақ алдағы жұмыстың басым бағыттарын айқындады.
Баяндамада облыс аумағындағы Шалқия, Баласауысқандық және Құрымсақ кен орындарының рудаларын өңдеу бағытындағы әзірлемелерге, сондай-ақ Орталықтың тәжірибелік-эксперименттік кешені базасында жүзеге асырылып жатқан күріш қауызын өңдеу жобасына ерекше назар аударылды. Өңірдегі басқа да шикізат қорларын қолдана отырып жаңа өнімдер өндіру мүмкіндіктері жайлы ойлармен бөлісті.
Ұсынылған әзірлемелер үлкен қызығушылық тудырды. Оларды облыс аумағында өндіріске енгізу бойынша нақты ұсыныстар айтылып, алдын ала бірлескен шешімдер қабылданды.
Жалпы алғанда, бұл көшпелі отырысты өңірлік ғылымды дамыту және ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту тұрғысынан мазмұнды әрі нәтижелі өтті деп бағалауға болады.
Басқа жаңалықтар
Казахстанские ученые разработали новую технологию добычи золота
Ученые Казмеханобр изобрели технологию извлечения золота из бедных и сложных руд
Инновационную технологию извлечения золота из сложных руд разработали в Казахстане
Қазақстанда күрделі кендерден алтын алудың инновациялық технологиясы әзірленді
Как эффективнее "озолотить" Казахстан, придумали ученые