Бөлім басшысы
Бердікулова Феруза Асанқызы, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор
Бөлім туралы
Ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды үйлестіру бөлімі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру, сүйемелдеу және олардың орындалуын бақылаумен айналысады, сондай-ақ мемлекеттік және салалық ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруды қамтамасыз етеді.
Бөлімнің негізгі міндеті – Орталық, оның филиалдары мен серіктестері арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, инновацияларды енгізуге және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға ықпал ету, сондай-ақ өнімнің халықаралық стандарттарға сай бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Негізгі қызмет бағыттары
- Орталық пен филиалдардың мемлекеттік тапсырыстарды орындауға арналған конкурстар мен тендерлерге қатысуы.
- Бюджеттік ғылыми-техникалық бағдарламалар (ҒТП) жобаларын әзірлеу.
- Гранттық, мақсатты бағдарламалық қаржыландыру жобаларын, ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру жобаларын және басқа да мемлекеттік және салалық бағдарламаларды қалыптастыру және сүйемелдеу.
- Орталықтың ғылыми бөлімшелері, филиалдары және ғылыми-техникалық бағдарламалардың басқа да орындаушыларының ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіру.
- Ғылыми бағдарламалар мен жобаларды орындау бойынша есептік материалдарды Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға (МҒТС) дайындау.
- Патенттік-лицензиялық қызметті сүйемелдеу.
- Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Индустрия комитетімен жұмыс (жерасты пайдаланушылары жобаларының технологиялылығы мен инновациялылығын бағалауға арналған негіздемелер мен қорытындыларды дайындау).
- ГМК кәсіпорындарының даму жоспарларына және өнім сапасын халықаралық стандарттар деңгейіне дейін арттырудың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес ғылыми зерттеулердің өзектілігі мен басымдылығын айқындау.
- ҒТП негізгі тапсырмалары мен көрсеткіштерін әзірлеу.
- ҒТП орындау барысында алынған нәтижелерді талдау және жұмыс жоспарларын түзету.
- Ғылыми зерттеу нәтижелерін қолдану салаларын айқындау бойынша ұсыныстар қалыптастыру.
Байланыс ақпараты
| Мекенжай | Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жандосов к-сі, 67 |
| Телефон | +7-727-259-00-70 (ішкі 119) +7-727-308-78-57 +7-778-911-99-41 |
| f.berdikulova@cmrp.kz |