Қазмеханобр 16-шы «Astana Mining & Metallurgy» (AMM) 2026 Халықаралық тау-кен металлургия конгресі аясында «Минералды шикізатты қайта өңдеудің заманауи шешімдері» атты панельдік сессия өткізді

17.06.2026

2026 жылғы 12 маусымда Астана қаласында 16-шы «Astana Mining & Metallurgy» (AMM) 2026 Халықаралық тау-кен металлургия конгресі аясында «Минералды шикізатты қайта өңдеудің заманауи шешімдері» тақырыбында панельдік сессия өтті. Шара Қазақстанның ғылыми қоғамдастығының, жетекші тау-кен металлургия кәсіпорындарының және салалық ұйымдарының негізгі өкілдерінің басын қосты.

Ауқымды пікірталастың ұйымдастырушылары ретінде «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ (Қазмеханобр) және «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» ЗТБ (ТМКҚ). Сессияның мақсаты - инновациялық технологиялық тәсілдерді талқылау, озық өндірістік тәжірибемен алмасу, сондай-ақ ғылым мен өндіріс арасындағы интеграцияны нығайту болды.

Панельдік сессияны жүргізгендер Мұханов Төлеген Мұханович — профессор, ҚР құрметті кеншісі, ТМКҚ Атқарушы директорының кеңесшісі және Суримбаев Бауыржан Нуржанович - PhD, қауымдастырылған профессор (доцент), Қазмеханобр директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары.

Сарапшылық тыңдалым барысында Қазмеханобр ғылыми бөлімшелерінің жетекші мамандары баяндама жасады. Асыл металдар зертханасының меңгерушісі, х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Людмила Сергеевна Болотова «Алтынқұрамды кендерді қайта өңдеу технологияларын әзірлеу және енгізу: тәжірибе мен нәтижелер» тақырыбында баяндама жасады. Байыту және жартылай өндірістік сынақтар бөлімінің бастығы Эра Менгуковна Ли қатысушыларды «Түсті, полиметалл және сирек металдар бойынша байыту және жартылай өндірістік сынақтар бөлімінің заманауи жетістіктері» тақырыбымен таныстырды.

Еліміздің тау-кен металлургия компанияларының өкілдері өндірістік кейстерді іске асырудың практикалық тәжірибесімен бөлісті - Бауыржан Кучербаев («АК «Алтыналмас» АҚ), Эрик Бекен және Дармен Рахимов («West Gold Mining Limited»), Сакен Шаяхметов («Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС), Малика Кожаканова («Green Chemicals Kazakhstan» ЖШС), Бауыржан Ермагамбетов (Нархоз Университетінің Цифрлық трансформация және жасанды интеллект институты).

Источник: instagram.com 

Басқа жаңалықтар

Қазмеханобр 16-шы «Astana Mining & Metallurgy» (AMM) 2026 Халықаралық тау-кен металлургия конгресі аясында «Минералды шикізатты қайта өңдеудің заманауи шешімдері» атты панельдік сессия өткізді

Қазмеханобр 16-шы «Astana Mining & Metallurgy» (AMM) 2026 Халықаралық тау-кен металлургия конгресі аясында «Минералды шикізатты қайта өңдеудің заманауи шешімдері» атты панельдік сессия өткізді

Д.А. Қонаев атындағы Тау-кен институты АҚШ пен Швейцариялық әріптестерімен ынтымақтастықты нығайтады

Д.А. Қонаев атындағы Тау-кен институты АҚШ пен Швейцариялық әріптестерімен ынтымақтастықты нығайтады

ҒЫЛЫМИ ФОРУМ- ЖЕЗҚАЗҒАНДА

ҒЫЛЫМИ ФОРУМ- ЖЕЗҚАЗҒАНДА

Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы ғалымдары мен «Қостанай минералдары» АҚ мамандарының авторлық ұжымдары академик Е. Бөкетов атындағы сыйлыққа ие болды

ВНИИцветмет байытушылар форумында: ғылыми зерттеулерден өнеркәсіптік енгізуге дейін

ВНИИцветмет байытушылар форумында: ғылыми зерттеулерден өнеркәсіптік енгізуге дейін

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз