V Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
«Әбішев оқулары – 2026: Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия кешенінде заманауи ғылымды, цифрлық технологияларды, жасанды интеллектті және өнеркәсіптік өндірісті интеграциялау»
Құрметті әріптестер!
Сіздерді академик, Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі Ұлттық орталығының негізін қалаушысы әрі алғашқы басшысы Ж. Н. Әбішевтің туғанына 90 жыл толуына арналған «Әбішев оқулары – 2026: Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия кешенінде заманауи ғылымды, цифрлық технологияларды, жасанды интеллектті және өнеркәсіптік өндірісті интеграциялау» атты V Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференцияның негізгі бағыттары:
- Тау-кен металлургия кешені – XXI ғасырда Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының негізгі бағыты
- Тау-кен ісі, металлургия және қара және түсті металл кендерін байыту. Қиын байытылатын минералдық және техногендік шикізатты кешенді өңдеудің инновациялық технологиялары
- Тау-кен металлургия кешенінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті қолдану
Маңызды күндер
Өткізу орны:
Алматы қ., Жандосов көш., 67
ҚР «Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы» РМК
КОНФЕРЕНЦИЯҒА ТІРКЕЛУ ЖӘНЕ ӨТІНІМ БЕРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қатысушыларды тіркеу келесі сілтеме арқылы жүзеге асырылады:
Материалдарды жинаққа енгізу үшін 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін сайтта тіркеліп, барлық қажетті деректерді толтырып, төмендегі құжаттарды жүктеу қажет:
- тезис мәтіні (үлгі бойынша),
- жариялауға арналған сараптамалық қорытынды (ұйымыңызда қабылданған нысан бойынша).
Тіркеу формасы
Қатысушыларға арналған ақпарат
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Тіркеу жарнасы: алынбайды.
Қатысу форматы: аралас (гибридті). Қашықтан қосылу сілтемелері ресми сайтта жарияланады.
Баяндамалар форматы: бетпе-бет және қашықтан.
Баяндама ұзақтығы: сұрақ-жауапты қоса алғанда 15 минут.
Ұсынылатын презентация форматы: Microsoft PowerPoint, 16:9.
Материалдарды жариялау: конференция материалдары іс-шараға дейін электронды жинақ ретінде жарияланады.
Жұмыстарға қойылатын талаптар: ғылыми дәрежесі жоқ жас ғалымдардың жұмыстары ғылыми жетекшінің
ұсынысымен ұсынылуы тиіс. Ғылыми дәрежесі бар авторлармен бірлескен жұмыстар ұсыныссыз қабылданады.
Тезистерді рәсімдеу ережелері
Редакциялық алқа белгіленген мерзімнен кеш жіберілген, тезистерді рәсімдеу ережелеріне сәйкес келмейтін немесе ғылыми қызығушылық тудырмайтын материалдарды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.
Ұсынылған материалдардың дұрыстығы мен сауаттылығы үшін авторлар жауапты.
Байланыс ақпараты
Конференцияның жауапты хатшысы:
Капсаламова Фарида Ришадкызы
Жандосов көш., 67
Алматы қ., 050036
Телефон:
+7 777 821 77 57
Email:
abyshev_readings@cmrp.kz
Сайт:
mineralscenter.kz
Instagram:
@cmrp.kz