Грузияның ірі тау-кен өндіруші RMG Copper компаниясының Бас директоры Джони Шубитидзе «ШҒЗИтүстімет» институтымен («ҚР МШКҚӨ ҰО» филиалы) көпжылдық халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастығы туралы өз пікірімен бөлісті.
Ынтымақтастық мыс, алтынқұрамды және полиметалл кендерін өңдеу бойынша кешенді зерттеулерді, заманауи технологиялық шешімдерді әзірлеу мен өндіріске енгізуді қамтиды. Бірлесіп жүзеге асырылатын жобалар «ШҒЗИтүстімет» институты әзірлемелерінің жоғары практикалық тиімділігін дәлелдеп, пайдалы компоненттерді алу деңгейін арттыруға, өндірістік процестерді оңтайландыруға және экологиялық тұрғыдан қауіпсіз технологиялық жүйелерді енгізуге мүмкіндік берді.
«ШҒЗИтүстімет» институты мен RMG Copper арасындағы халықаралық әріптестік тау-кен-металлургия өндірісінің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады және бірлескен жобаларды одан әрі кеңейтуге берік негіз қалайды.