Институт туралы
Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне қарасты «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – «Түсті металдар бойынша Шығыс тау-кен-металлургия ғылыми-зерттеу институты» (РМК «МШКӨҰО» филиалы «ВНИИцветмет»).
Тарихы
ВНИИцветмет институты 1950 жылы КСРО-ның қорғасын-мырыш өнеркәсібін дамыту мақсатында құрылған. 1955 жылдан бастап институт КСРО Түсті металлургия министрлігінің қорғасын-мырыш саласы бойынша жетекші институты болып белгіленді. Институтқа елдегі қорғасын-мырыш кәсіпорындарының технологиялық процестері мен жабдықтарын жетілдіру міндеті жүктелді. Кейін институт құрамында бірегей сынақ алаңы — байыту фабрикасын, гидрометаллургиялық, балқыту және тәжірибелік-механикалық цехтарды қамтыған Тәжірибелік қорғасын зауыты құрылды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін институт Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының құрамына кірді. Осы кезеңде ВНИИцветмет өз қызмет аясын кеңейтіп, мыс пен асыл металдарды байыту және металлургиялық қайта өңдеу процестерін әзірлеумен, сондай-ақ тау-кен, байыту және металлургиялық кәсіпорындарды жобалаумен белсенді айналысты. Қазіргі уақытта ВНИИцветмет Қазақстандағы түсті және асыл металдарды өндіру мен қайта өңдеу технологияларын әзірлеу және коммерцияландыру саласындағы жетекші ғылыми ұйымдардың бірі болып табылады.
Филиалдың миссиясы мен мақсаттары
ВНИИцветмет институтының негізгі мақсаты — ауыр, асыл және ілеспе металдарды өндірудің ғылыми-техникалық деңгейін арттыратын технологияларды жасау және коммерцияландыру негізінде Қазақстанның тау-кен-металлургия кешенінің тұрақты жұмыс істеуін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету.
Филиал қызметінің негізгі бағыттары
Әр түрлі кен орындарының кендерінің және олардың қайта өңдеу өнімдерінің құрамын зерттеу;
Тау-кен ісі, кенді байыту, металлургия салаларында технологиялық зерттеулер жүргізу, кен орындарын игеру кезінде тау жыныстары массивінің соққыға қауіптілік дәрежесін бағалау;
Жерасты тау-кен қазбаларын бекітуге, қазылған кеңістіктерді толтыруға және кен орындарын өндіруге арналған технологиялық регламенттерді әзірлеу;
Байыту фабрикалары, үйіндіде шаймалау кәсіпорындары және басқа да нысандар жобаларының технологиялық регламенттері мен технологиялық бөлімдерін әзірлеу;
Тау-кен металлургия өнеркәсібінің жұмыс істеп тұрған және жаңадан іске қосылатын кәсіпорындарының қызметіне ғылыми-техникалық сүйемелдеу жүргізу;
Тау-кен-металлургия кешенінің кәсіпорындарын жобалау;
Тау-кен металлургия өндірісінің кен, жыныс және қалдық үлгілеріне экологиялық-геохимиялық зерттеулер жүргізу;
Әртүрлі кен орындарының геологиялық, арбитраждық, технологиялық сынамаларының, байыту және металлургиялық қайта өңдеу өнімдерінің химиялық талдауларын орындау;
Тау жыныстары мен кендердің физикалық-механикалық және тау-кен-технологиялық қасиеттерін анықтау.
Соңғы жылдары енгізілген әзірлемелер
- Кен орындарын игеру бойынша технологиялар мен технологиялық регламенттер: Обручев, Долинное, Риддер-Сокольное (ЖШС «Казцинк»), Шалкия, Талап (ЖШС «Шалкия-Цинк»), Алпыс (АҚ «Майқайнзолото»), Бақыршық (ЖШС «Бақыршық КДК»), Суздаль (АҚ «ФИК Алел»).
- Тауарлы мыс алу арқылы тотыққан мыс кендерін үйінді сілтілеу технологиясы: Актогай, Бозшакөл кен орындары (ЖШС «Қазақмыс корпорациясы»), Тохтар (ЖШС «ГРК Тохтар»); Коунрад кеніші қалдықтары (ЖШС «Сары-Казна»).
- «Ульба» типті араластырып-жүктеу машиналарында өндірістік жарылғыш зат – ИГДАНИТ дайындау процесінің технологиясы және технологиялық регламенті: ЖШС «Қаражыра ЛТД», ЖШС «Шалкия Цинк», ЖШС «Богатырь-Аксес Көмір».
- Тіреу жұмыстарының технологиялары және бетон қоспалау кешендерін жобалау бойынша технологиялық регламенттер: Бақыршық (ЖШС «Бақыршық КДК»), Артемьев, Суздаль (АҚ «ФИК Алел»), Первомай (АҚ «ТНК Казхром»), Үшқатын (АҚ «Жайрем ГОК»), Талдыбулак Сол жағалау (Қырғызстан), Алроса (Ресей) кеніштері.
- Кен байыту технологиялары мен технологиялық регламенттер: Шалкия (ЖШС «Шалкия-Цинк»), Артемьев, Нұрғазан, Абызы (ЖШС «Қазақмыс корпорациясы»), Тишин (ЖШС «Казцинк»), Обухов (ЖШС «Геоинцентр»).
- КИВЦЭТ технологиясы: лицензиялық келісімдер негізінде қорғасын зауыттары салынды — «Комибол» (Боливия), ЖШС «Казцинк» (Қазақстан), «Портовезме» (Италия), «Тек Коминко» (Канада), Jiangxi Copper Corporation (Қытай), Zhuzhou Smelter Group Co., Ltd (Қытай).
- Жылына 180 мың тонна мырыш өндіретін зауыт салуға арналған технологиялық регламент: «Уралмеханобр» АҚ.
- Тотыққан никель кендерін автоклавтық және атмосфералық сілтілеу технологиялары: Семей және Ақтөбе кен орындары (ЖШС «Казцинк»).
- Қорғасын-күміс кендерін өңдеу технологиясы (тауарлы күміс алу): «Прогноз» кеніші (Ресей).
- Кәсіпорын қызмет аймағындағы қоршаған ортаны өндірістік мониторингтеу: ЖШС «Бақыршық кен-өндіру кәсіпорны».
- Кәсіпорынның өндірістік экологиялық бақылау бағдарламалары: ЖШС «Бақыршық кен-өндіру кәсіпорны».
- Қалдықтармен жұмыс істеу нормативтері жобалары: ЖШС «Бақыршық кен-өндіру кәсіпорны», ЖШС «Ертіс сирекжер компаниясы».
Көрсетілетін қызметтер мен зерттеу түрлері
Қолданбалы зерттеулер
Технологиялық зерттеулер мен сынақтар
Технологиялық регламенттерді әзірлеу
Құрылысқа арналған жобалық жұмыстар
Ғылыми-техникалық қызметтер
Стандартты үлгілерді әзірлеу және дайындау
Талдаулар жүргізу
химиялық, фазалық, рационалды, физика-механикалық қасиеттері бойынша
Қазіргі уақытта құрылыс жүргізіліп жатқан ВНИИцветмет жобалары
- «Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы» шахтасының қорларын ашу және игеру: «Первомай» кеніші (АҚ «ТНК Казхром»);
- Жылына 100 мың м³ бетон араластыру кешені: «Первомай» кеніші (АҚ «ТНК Казхром»);
- Тотыққан алтын кендерін өңдеуге арналған үйінді сілтілеу қондырғысы: Райгород кен орны (ЖШС «Голд Ленд»);
- Ұсақтау және іріктеу кешені: ЖШС «NOVA-Цинк»;
- Кенді құмдарды өңдеу байыту фабрикасы: Обухов титан-цирконий кен орны (ЖШС «Геоинцентр»);
- Хромит кендерін өңдеу байыту фабрикасы: Денизли және Сивас аймақтары (Түркия).
Басшылық
| Директор |
Старцев Игорь Владимирович. Аль-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты |
| Телефон | +7 777 221 5410 |
| vcmnauka2008@mail.ru |