АР19677767 жобасы «Кокс және күріш өндірістерінің өнеркәсіптік қалдықтарын кешенді қайта өңдеу технологиясын әзірлеу, жаңа селективті композициялық сорбент пен ресурсты үнемдейтін жоғары температуралы материал алу» (2023–2025 жж.)
Келесі нәтижелер алынды
Кокс және күріш өндірістерінің құрамында көміртек пен кремнезем бар өнеркәсіптік қалдықтарын кешенді қайта өңдеу процесінде олардың құрылымдық-фазалық түрленулері мен физика-химиялық қасиеттерінің өзгерістері зерттелді:
- Алдын ала өңдеудің минералдық және өсімдік тектес өнеркәсіптік қалдықтардың құрамына (гранулометриялық, химиялық, фазалық) және құрылымына әсері анықталды.
- Жаңа селективті композициялық сорбент пен ресурсты үнемдейтін берік жоғары температуралы материал алу үшін көміртекті және кремнеземді жартылай өнімдердің сипаттамалары жасалды және зерттелді.
Жарияланған еңбектер
-
Science Citation Index Expanded базасында индекстелетін және Web of Science деректер қорында бірінші квартильге кіретін ғылыми журналда 2 мақала жарияланды:
- A. Kablanbekov, S. Yefremova, F. Berdikulova, S. Satbaev, S. Yermishin, N. Shalabaev, B. Satbaev, A. Terlikbayeva, A. Zharmenov. Rice Husk Cellulose-Based Adsorbent to Extract Rare Metals: Preparing and Properties / Materials. – 2023. – 16(18). – 6277. DOI: 10.3390/ma16186277.

-
- S. Yefremova, A. Kablanbekov, B. Satbaev, A. Zharmenov. Rice Husk-Based Adsorbents for Removal of Metals from Aqueous Solutions / Materials. – 2023. – 16(23). – 7353. DOI: 10.3390/ma16237353

- 2 баяндама жасалды:
- Satbaev B., Yefremova S., Satbaev S., Yermishin S., Kablanbekov A., Zharmenov A. New in the production of refractories // «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының» 30 жылдығына арналған «Минералдық шикізатты инновациялар мен кешенді қайта өңдеу – экономиканы әртараптандырудың өзекті құрамдас бөліктері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары жинағы, 2023 ж. – 1-т. – 96–97-бб.
https://mineralscenter.kz/storage/app/media/grant/Sbornik_Innovacii_1_tom_2023.pdf
- Yefremova S., Kablanbekov A., Satbayev B., Berdikulova F., Shalabayev N., Yermishin S., Satbayev S., Terlikbayeva A., Zharmenov A. Plant and mineral waste-based new materials for use in hydro- and pyrometallurgical processes // SIPS 2023 - Sustainable Industrial Processing Summit & Exhibition. 9th Intl. Symp. on Sustainable Materials Recycling Processes & Products, 2023. - sips23_7_209.
https://www.flogen.org/sips2023//technical_program.php?a=8f14e45fceea167a5a36dedd4bea2543
Халықаралық конференцияларға қатысу
-
2 қызметкер 2023 жылдың қараша–желтоқсан айларында Панама қаласында өткен SIPS 2023 - Sustainable Industrial Processing Summit & Exhibition саммитіне қатысты.
- SIPS2023 аясында өткен 9th Intl. Symp. on Sustainable Materials Recycling Processes & Products конференциясында «Plant and mineral waste-based new materials for use in hydro- and pyrometallurgical processes» атты ауызша баяндама ұсынылды.
