Грант

АР19677767 жобасы «Кокс және күріш өндірістерінің өнеркәсіптік қалдықтарын кешенді өңдеу технологиясын әзірлеу, жаңа селективті композициялық сорбент пен ресурстарды үнемдейтін жоғары температуралы материал алу» (2023–2025 жылдарға арналған).

Келесі нәтижелер алынды:

Ренийдің гидрометаллургиясында және арнайы кокс ұсақтары мен күріш қауызын қайта өңдеудің екінші минералдық қалдықтарын кәдеге жарату кезінде жаңа композициялық сорбентті қолдана отырып, технологиялық ерітінділерді органикалық қоспалардан тазарту процестері зерттелді. Сондай-ақ пирометаллургиялық процестерге арналған жаңа ресурстарды үнемдейтін, берік, жоғары температуралы материал синтезделді.

Жарияланған материалдар:

- Кабланбеков А.А., Ефремова С.В., Бердикулова Ф.А., Ермишин С.В., Терликбаева А.Ж., Сатбаев Б.Н., Жарменов А.А. Органикалық қоспалардан рений бар технологиялық ерітінділерді селективті тазарту үшін тиімді сорбенттер // Табиғи ғылымдар саласындағы өзекті мәселелер және инновациялық технологиялар. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Ташкент, 2024. – Б. 13–16.

- Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің сайтында:

https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/747233?lang=ru

- Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп комитетінің сайтында:

https://www.gov.kz/memleket/entities/comprom/press/news/details/747593?lang=ru

- РМК «ҚР Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығының» ресми Facebook парақшасында:

https://www.facebook.com/share/p/XS69UFrXg96WAvp5/?mibextid=oFDknk

https://www.facebook.com/share/p/2Y6XT4UrFE623Ynb/?mibextid=oFDknk

Халықаралық конференцияларға қатысу:

2 адам 2024 жылдың 4–5 сәуірінде Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен «Табиғи ғылымдар саласындағы өзекті мәселелер және инновациялық технологиялар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

- «Органикалық қоспалардан рений бар технологиялық ерітінділерді селективті тазарту үшін тиімді сорбенттер» тақырыбында ауызша баяндама жасалды.

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз