BR23991563 «Минералдық және техногендік шикізатты өндірудің және кешенді өңдеудің инновациялық ресурс үнемдейтін технологияларын құру»

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруы шеңберінде 2024–2026 жылдарға арналған BR23991563 «Минералдық және техногендік шикізатты өндіру мен кешенді қайта өңдеудің инновациялық ресурсты үнемдейтін технологияларын құру» ғылыми-техникалық бағдарламасы ҚР «МШКҚҰ ҰО» РМК ғалымдары тарапынан жүзеге асырылуда.

Мақсаты – күрделі тау-кен-геологиялық жағдайларда пайдалы қазбаларды өндіру технологияларын әзірлеу, кондицияға сәйкес келмейтін минералдық және техногендік шикізатты кешенді қайта өңдеу технологияларын жасап, аса маңызды (критикалық) металдарды алу, парниктік газдар шығарындыларының «нөлдік» теңгерімін қамтамасыз ету үшін СО₂-ні тиімді шоғырландыру және конверсиялау тәсілдерін әзірлеу.

Бағдарламаны орындау барысында келесі аралық ғылыми нәтижелер алынды:

Ірілендірілген зертханалық жағдайларда кондицияға сәйкес келмейтін шикізаттан, металлургиялық өндіріс қалдықтарынан және техногенді минералды қалдықтардан (ТМҚ) келесі аса маңызды металдар алынды:

СО₂ кәдеге жарату келесі технологиялары әзірленді:

Қуаты төмен және орташа пештерде ферроқорытпалар мен лигатураларды алу бойынша сынақтар жүргізілді:

Техникалық шешімдердің жаңалығы авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы 3 куәлік, ҚР өнертабыстары мен пайдалы модельдеріне 4 патент алу, сондай-ақ ҚР өнертабыстары мен пайдалы модельдеріне 8 өтінім беру арқылы расталды:

  1. Ғалиев С.Ж., Утешов Е.Т., Ғалиев Д.А., Текенова А.Т., Аксаналиев Н.Е., Сарсенбаев Е.Е. ЭЕМ-ге арналған «Карьерішілік автомобиль жолдарын пайдалану тиімділігін мониторингтеудің автоматтандырылған жүйесі – АСМЭВАД» бағдарламасына авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы куәлік. № 61673, 26.08.2025 ж.
  2. Макашева А.М., Малышев В.П. «Жартылай өнеркәсіптік ауқымдағы диірмендердің жұмыс жағдайларына ықтималдық теорияны бейімдеу» атты құрамдас шығармаға авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы куәлік. № 59034, 02.06.2025 ж.
  3. Бимұрат Ж., Балтиева А.А., Махметова Г.Н., Шамганова Л.С. ЭЕМ-ге арналған «GeoMonitor.Al» геодинамикалық мониторинг деректерін визуализациялау және талдауға арналған веб-қосымша бағдарламасына авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы куәлік. № 60150, 24.06.2025 ж.
  4. ҚР пайдалы модельге патент № 11113 «Камералық-бағаналы игеру жүйесінде жайпақ панельдерде биік (6 м-ден жоғары) целиктерді өндіру тәсілі». Волков А.П., Егембердиев Р.А., Шабельников Е.А., Волков Ю.А., Ноборокова Н.Н. Жарияланған күні: 12.09.2025 ж.
  5. ҚР пайдалы модельге патент № 10769 «Тотыққан никель кендерінен никельді сілтілеу тәсілі». Шаяхметова Р.А., Осипов П.А., Мухаметжанова А.А., Қали А.Ә., Куандыкова А.Н. Жарияланған күні: 20.06.2025 ж.
  6. ҚР пайдалы модельге патент № 10689 «Марганецті алу тәсілі». Мухтар А.А., Макашев А.С., Қасымова Б.К., Атахан М.М., Макашов Е.С. Тіркеу № 2025/0539.2, жарияланған күні: 05.06.2025 ж.
  7. ҚР пайдалы модельге патент № 10288 «Лантан мен сілтілік металдардың қос купрато-ванадато-манганиттерін алу тәсілі». Қасенов Б.К., Қасенова Ш.Б., Сагинтаева Ж.И., Қуанышбеков Е.Е., Туртубаева М.О. Жарияланған күні: 14.03.2025 ж.
Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз