Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында (бұдан әрі – ҚР МШКҚӨ ҰО) 2025 жылғы жұмыс қорытындылары сарапталды.
ҚР МШКҚӨ ҰО Бас директоры Асқар Нұрғалиев кәсіпорынның Ғылыми кеңесі отырысында жасаған баяндамасында мемлекеттік тапсырыс бойынша 30 жоба орындалғанын айтты және бағдарламаның негізгі нәтижелеріне тоқталды, және де аталған жұмыстардың жаңашылдығы мен бірегейлігі 22 өнертабыстар және пайдалы модельдерге берілген патенттермен және 7 авторлық құқық объектісімен расталғанын, өнертабысқа қатысты ондаған өтінім тиісті органда қаралу үстінде екендігін атап өтті. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын іске асыру нәтижесінде хромды ферроқорытпалар өндірісі іске қосылып, кремний-көміртекті нанокомпозит өндірісі ұйымдастырылды. Жел электр станциясын дайындау жөніндегі жоба да табысты орындалуда.
ҚР МШКҚӨ ҰО өндірістік кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатуымен дәстүрлі түрде ерекшеленеді. Отандық және шетелдік бизнес үшін 200 жобаның іске асырылуы нәтижесінде, соның ішінде асыл және критикалық (аса қажетті) металдарды өңдеуде, өндірістік және тәжірибе-өндірістік сынақтар өткізіліп, технологиялық регламенттер беріле отырып 13 кен өңдеу технологиясы әзірленді. Негізгі жетістіктердің қатарында ғылыми нәтижелерді жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың өндірістік процесіне енгізуді ерекше атап өткен жөн. Олардың ішінде: «Қазцинк» ЖШС кеніштерінде толтыру жұмыстарының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар, жер бетінің шөгуін зерттеу нәтижелері, 3D-геотехникалық модельдерді енгізу; «Богатырь Көмір» ЖШС-ның «Северный» қимасының дренаждық шахтасында, «Горняк» артельшілер артелі» ЖШС-ның «Ақжал» кенішінде персоналды бақылау және позициялау жүйелерін орнату; «Altyntau Kokshetau» АҚ алтын өндіру фабрикасында алтын алу деңгейін арттыру бойынша ұсынымдарды енгізу бар.
ҚР МШКҚӨ ҰО ғалымдары мен мамандары Еуропалық қайта құру және даму банкі қаржыландыратын Жоғарғы Қайрақты кен орнының вольфрам кенін үйімелі шаймалау процесінен кейінгі ағын суларды тазарту жобасын орындауға атсалысты. Сондай-ақ Өзбекстан мен Грузияның мыс және қорғасын-мырыш кен орындарынан өндірілген минералды шикізатты өңдеу жобаларын орындалды. Мұндай жұмыстар халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен дамыту тұрғысынан да, экономикалық тұрғыдан да маңызды, өйткені олар елімізге шетелдік инвестициялардың артуына ықпал етеді.
ҚР МШКҚӨ ҰО-ның ғылыми-техникалық қызмет көрсету саласындағы қазақстандық және халықаралық деңгейдегі табысының кепілі — кәсіпорынның кадрлық әлеуеті (жүзге жуық қызметкердің ғылым докторы, PhD және ғылым кандидаты дәрежесі бар) мен шикізат өндіруден бастап металл өнімін шығаруға дейінгі тау-кен металлургия кешенінің толық циклін қамтитын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылымының болуы.
Басқа жаңалықтар
«2025 год РГП «НЦКПМС РК» в цифрах и лицах»
Қазақстанда 2025 жылы 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды
Ғылым мен өнеркәсіпке адалдық: Эра Ли - Қазақстанның тау-кен металлургия саласының танымал маманы
Отандық бизнес реттелетін сатып алуларға ОТӨ Реестрі арқылы қол жеткізе алады