Қазақстандық минералды шикізатты қайта өңдеуге $2 млрд астам инвестиция салынады

18.04.2019

Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі Ұлттық орталығында ұйымның әзірлемелеріне салынған инвестициялар туралы хабарланды, деп жазады МИА «Қазинформ» тілшісі.

«Қарағандылық кешенді қоспалар зауыты - 262 миллион доллар. Өткен аптада зауыт Қазақстан даму банкімен және Қарағанды облысының әкімдігімен келісімшартқа қол қойды. Инвестор ретінде голландиялық компания қатысуда. Зауыт қытайлық компанияларға пештер шығарады - 200 мың бірлік, бірақ зауыттың бірінші кезегі 2020 жылдың соңына дейін іске қосылады. Кейін бұл зауыт өндіріс көлемін 500 мың тоннаға жеткізуі тиіс, ал Қазақстандағы инвестиция шамамен 500 миллион долларды құрайды. Бұл қоспа – Қазақстандық», - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде өткен баспасөз конференциясында ұйымның бас директоры Абдурасул Жарменов.

Спикер атап өткендей, дәл осы қоспа бойынша үлкен жоба Иранда басталуда – онда инвестиция көлемі Иран үкіметінің мемлекеттік кепілдігімен 1 миллиард 600 миллион долларды құрайды. Жаңа өндірістерге салынатын жалпы инвестиция сомасы келесі бірнеше жылда 2 млрд доллардан асады.

Сонымен қатар, ҚР МИИР баспасөз қызметі хабарлағандай, Ұлттық орталықтың ғылыми-техникалық әзірлемелері негізінде әлемнің әртүрлі нүктелерінде инвестиция көлемі 3,5 млрд доллардан асатын ондаған зауыттар мен фабрикалар салынды. Осы кәсіпорындарда тауарлық өнімнің жыл сайынғы шығарылымы қазіргі бағамен 4 млрд доллардан асады.

«Бізде отқа төзімді материалдар бойынша жақсы жетістіктер бар. Импорттық жеткізушілерді ығыстырып, жақын арада отқа төзімді материалдардың 15-20 пайызын ауыстыра аламыз деп ойлаймын. Жаңа буын отқа төзімді материалдарды жеткізуді бастады. Мыс технологиялары бойынша ірі енгізулер бар, гидрометаллургиялық өндірістерде жұмыс жүріп жатыр. Никель кендерін қайта өңдеуде көп жұмыстар атқарылуда», - деп қосты спикер.

Дереккөз: www.inform.kz

Басқа жаңалықтар

2025 жылдың жағымды естеліктері

2025 жылдың жағымды естеліктері

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК 2025 жылғы қызметі» сандар мен тұлғалар»

«2025 год РГП «НЦКПМС РК» в цифрах и лицах»

Қазақстанда 2025 жылы 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды

Қазақстанда 2025 жылы 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды

Ғылым мен өнеркәсіпке адалдық: Эра Ли - Қазақстанның тау-кен металлургия саласының танымал маманы

Ғылым мен өнеркәсіпке адалдық: Эра Ли - Қазақстанның тау-кен металлургия саласының танымал маманы

Отандық бизнес реттелетін сатып алуларға ОТӨ Реестрі арқылы қол жеткізе алады

Отандық бизнес реттелетін сатып алуларға ОТӨ Реестрі арқылы қол жеткізе алады

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз