Төрттен бір ғасыр – ғылым мен өндірістің өзара әрекеттесуін нығайту

10.10.2016

Бүгін Алматы қаласында «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы» базасында «Қазіргі технологиялар және Қазақстан Республикасының жер қыртысын барлау, игеру және қайта өңдеу мәселелері» атты тау-кен-металлургиялық секциясы жұмысын бастады. Бұл секция «Тұрақты ғылыми-техникалық даму: трендтер мен технологиялар» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында өтіп жатыр. Оған республикадағы жер қойнауын пайдаланушылар, ғылыми-зерттеу институттары, консалтинг және инжиниринг компанияларының өкілдері – геологтар, тау-кен мамандары, збағалаушылар жиналды. Осы халықаралық конференцияның өтуіне себеп – Қазақстанның Инженерлік академиясының 25 жылдық мерейтойы және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы.

Жиынды ұйымдастыру комитетінің теңтөрағасы Марат Жақупұлы Битимбаев ашты. Геологиялық сессияда алғашқы құттықтау сөз бен баяндаманы ҚР Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Қанаевич Нұрабаев жасады. Баяндамасында соңғы бес жылдағы тау-кен-геологиялық сектордағы жағдай қысқаша, нақты және жан-жақты баяндалды. Бұл республика минералдық-шикізат базасының жағдайы, салалық инвестициялық белсенділік, басым қатты пайдалы қазбалардың және көмірсутек шикізатының қорының өсуі, сондай-ақ тау-кен-геологиялық зерттеулерді сүйемелдейтін өзекті факторлар мен аспектілерді қамтитын мәліметтер болды. Сонымен қатар, Базарбай Қанаевич Ұлттық ашық есептілік ұйымы (НОПО), KAZRC Ассоциациясы және ПОНЭН Қоғамдық ұйымының қызметіне тоқталды. Бұдан кейін геологиялық саланы дамыту бойынша басым бағыттар қаралды.

«Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясының фактілері, бағыттары және қызметі Хамзин Берікбол Серікбаевичтің баяндамасында ұсынылды. Ол «Қазгеология» өз қызметін бастап, қысқа мерзім ішінде мемлекеттік геологиялық зерттеулерді жүргізгенін, геологиялық барлау жұмыстарына инвестициялар тартқанын және профильдік инновациялық технологияларды енгізгенін атап өтті. Қатысушыларға Орталық Қазақстандағы, Кирейско-Опар алаңында және Дүсембай учаскесінде жүргізілген далалық геофизикалық зерттеулердің қызықты және елеулі нәтижелері көрсетілді.

Содан кейін сала мамандары мен көрнекті тұлғалары тау-кен-геологиялық бағыттағы мәселелерге қатысты өз көзқарастарын, шешім ұсыныстарын баяндады.

Дереккөзі: infonedra.kz

Басқа жаңалықтар

2025 жылдың жағымды естеліктері

2025 жылдың жағымды естеліктері

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК 2025 жылғы қызметі» сандар мен тұлғалар»

«2025 год РГП «НЦКПМС РК» в цифрах и лицах»

Қазақстанда 2025 жылы 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды

Қазақстанда 2025 жылы 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды

Ғылым мен өнеркәсіпке адалдық: Эра Ли - Қазақстанның тау-кен металлургия саласының танымал маманы

Ғылым мен өнеркәсіпке адалдық: Эра Ли - Қазақстанның тау-кен металлургия саласының танымал маманы

Отандық бизнес реттелетін сатып алуларға ОТӨ Реестрі арқылы қол жеткізе алады

Отандық бизнес реттелетін сатып алуларға ОТӨ Реестрі арқылы қол жеткізе алады

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз