РГП на ПХВ «Қазақстан Республикасы Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы» филиалы «Д.А. Қунаев атындағы тау ісі институты» ғалымдары тау-кен саласының ең ірі халықаралық оқиғасы – Мәскеу қаласында өткен «Miner’s Week-2025» симпозиумында қатысты.
Бұл шара 30 жылдан астам уақыт өткізіліп келеді және тау-кен өнеркәсібіндегі өзекті мәселелер мен инновацияларды талқылауға маңызды алаң болып табылады. Оған жетекші мамандар мен ғалымдар қатысып, тәжірибе алмасып, жаңа технологияларды ілгерілетуге мүмкіндік алады.
Қазақ ғалымдары отандық тау-кен өнеркәсібіне арналған өздерінің әзірлемелерін ұсынды. Олардың қатарында қол жетімсіз кен орындарын игеру технологиясы бар. Бұл технологияны қолдану пайдалы қазбаларды массивтен жоғалтуды азайтуға мүмкіндік береді. Ғалымдар бұл әдісті Жезқазған кен орнының мысалында көрсетті.
Шахталарда техникалық-технологиялық аудит әдістемесі ұсынылды. Осы әдістеме арқылы мамандар тау-кен жұмыстарын тиімді жүргізудің жолдарын тауып, жыл сайын 1 млрд теңгеден астам экономикалық әсерге қол жеткізе алады.
Карьерлердің геотехнологиялық кешендерінің барлық кезеңдерін оңтайландыру үшін басқарушылық шешімдер қабылдаудың жаңа методологиясы ұсынылды.
Жерасты кеніштерінде желдетуді автоматтандырылған басқару жүйесі қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Мұндай жүйелер еңбек жағдайларын жақсартуға қажет және жұмысшылардың қауіпсіздігін едәуір арттырады. Ғалымдардың пікірінше, өз өндірісі мен жасанды интеллектті қолданатын бағдарламалық қамтамасыз ету экономикалық тиімділікті қамтамасыз етіп, қолайлы еңбек жағдайларын жасауға мүмкіндік береді.
Дереккөз: optimism.kz
Басқа жаңалықтар
«2025 год РГП «НЦКПМС РК» в цифрах и лицах»
Қазақстанда 2025 жылы 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды
Ғылым мен өнеркәсіпке адалдық: Эра Ли - Қазақстанның тау-кен металлургия саласының танымал маманы
Отандық бизнес реттелетін сатып алуларға ОТӨ Реестрі арқылы қол жеткізе алады