Қазақстан делегациясы Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан XXIV Дүниежүзілік тау-кен конгресіне қатысуда

21.10.2016

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы Замир Сағынов бастап келген Қазақстанның ірі тау-кен компанияларының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ғылыми-зерттеу институттарының, «Iteca» көрме компаниясының өкілдерінен тұратын қазақстандық делегация Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан XXIV Дүниежүзілік тау-кен конгресінің жұмысына қатысуда.

18 қазанда басталған іс-шараға 34 елдің 2000 астам өкілдері, оның ішінде үкімет мүшелері, ғылыми қайраткерлер, халықаралық мамандандырылған ұйымдардың қызметкерлері, тау-кен кәсіпорындарының басшылары, Бразилияда аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері бар.

Тау-кеншілер съезінің бағдарламасы халықаралық ұйымдастырушы комитеті отырысының, конгресс пленарлық отырысының, тау-кен саласындағы соңғы жетістіктерді тамашалайтын көрменің, ғылыми-техникалық жұмыстар мен жобалар конкурсының өткізілуін көздейді. Қатысушылар пайдалы қазбалар кен орындарын барлау, тау-кен және жерасты жұмыстарын жүргізу, автоматтандыру және роботты техниканы пайдалану, тау-кен өнеркәсібі саласындағы инновациялар секілді маңызды мәселелерді талқылайтын болады.

Конгрестің бірінші күнінде ҚР ИДМ-нің Жауапты хатшысы пленарлық отырыс барысында қазақстандық тау-кен өнеркәсібінің негізгі бағыттары мен оның даму болашағы туралы хабарлап, халықаралық ұйымдастырушы комитетінің мүшелерін XXV Дүниежүзілік тау-кен конгресін дайындау бойынша Қазақстанда жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндады.

«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ көрме барысында тау-кен-металлургиялық кешеніне, еліміздің инвестициялық саясатына, экспорттық әлеуетіне, сондай-ақ «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған ұлттық стендты ұсынды.

21 қазанда конгрестің қорытындылары бойынша қазақстандық тарапқа 2018 жылғы 19-22 маусымда Астанада өтетін келесі конгресті өткізу құқығына иелендіретін «май шамын» тапсыру рәсімі жоспарланып отыр.


ҚР-дың Бразилиядағы Елшілігі

Басқа жаңалықтар

Металлургиялық соны қадам: жанама өнімнен жаңа өнеркәсіптік технологиялық негізге серпіліс

Металлургиялық соны қадам: жанама өнімнен жаңа өнеркәсіптік технологиялық негізге серпіліс

Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күніне арналады

Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күніне арналады

ҚР МШКҚӨ ҰО-да ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру және ҒЗТКЖ қаржыландырудың жаңа тетіктері талқыланды

ҚР МШКҚӨ ҰО-да ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру және ҒЗТКЖ қаржыландырудың жаңа тетіктері талқыланды

ҚР МШКҚӨ ҰО-да 2026 жылға арналған ғылыми-ұйымдастыру қызметінің басымдықтары айқындалды

ҚР МШКҚӨ ҰО-да 2026 жылға арналған ғылыми-ұйымдастыру қызметінің басымдықтары айқындалды

Тау-кен саласында цифрландыру мен жасанды интеллектті қолдану тұжырымдамасын әзірлеу мәселелері талқыланды

Тау-кен саласында цифрландыру мен жасанды интеллектті қолдану тұжырымдамасын әзірлеу мәселелері талқыланды

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз