"Қазақстандық қорытпа" Бразилия мен Қырғызстанда шығарылатын болады

15.06.2013

АЛМАТЫ. 15 маусым. ҚазАқпарат. Павлодарда «ҚР Минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталық» РМК (ҚР МШКӨҰО) және Оңтүстік Кореяның «POSCO» компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

ҚазАқпарат хабарлағандай, Павлодардағы «KSP Steel» ЖШС зауытында «Қазақстандық қорытпа» ретінде патенттелген ферросиликоалюминий балқыту бойынша алғашқы өнеркәсіптік пеш іске қосылды. Болаттың сапасын едәуір арттыратын жаңа материал алу технологиясына белгілі шетелдік металлургиялық компаниялар қызығушылық танытты.

«Біз “POSCO” компаниясымен меморандумға қол қойдық», – деп атап өтті ҚР МШКӨҰО бас директоры, академик Абдурасул Жарменов. – «Біздің қуаттылығы жылына 200 мың тонна болатын, қазақстандық технология бойынша ферросиликоалюминий шығаратын алғашқы зауыт Қырғызстанда салынады. Ал екінші кәсіпорынды Бразилияда біздің қатысуымызбен салу жоспарлануда».

«POSCO» – жылдық айналымы 80 млрд АҚШ долларын құрайтын әлемдегі ірі металлургиялық компаниялардың бірі. «Біз тек жаңа қорытпа саласында ғана емес, басқа да инновациялық бағыттарда бірлесіп жұмыс істейтін боламыз», – деді академик.

Дереккөз: www.inform.kz

Басқа жаңалықтар

Конкурстық комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

Конкурстық комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығындағы Металлург күні

Қазақстан Республикасы Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығындағы Металлург күні

Әңгімелесу өткізу КЕСТЕСІ

Әңгімелесу өткізу КЕСТЕСІ

Қауымдастырылған профессор ғылыми атағын беруге ұсыным бойынша материалдар: Алимжанова А.М.

Қауымдастырылған профессор ғылыми атағын беруге ұсыным бойынша материалдар: Алимжанова А.М.

Қазақстандық ғалымдар RCCT-2026 халықаралық конференциясында жартылай өткізгіш материалдар саласындағы әзірлемелерін таныстырды

Қазақстандық ғалымдар RCCT-2026 халықаралық конференциясында жартылай өткізгіш материалдар саласындағы әзірлемелерін таныстырды

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз