26 қыркүйекте Алматыда «Үшінші индустриалдық революция шегінде тау-кен-металлургиялық кешен» атты халықаралық конференция өтеді. Бұл шара Қазақстан Республикасының «Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы» РМҚК-ның құрылуына 20 жыл толуына арналады.
Ұлттық орталық ғалымдары 1216 бірегей жобаны жасап, патенттеген. Солардың ішінде ең көрнекті мысалдардың бірі – «Қазақстандық» қорытпасын жасау болып табылады (темір, кремний және алюминий қорытпасы, кальций, барий және легирлеуші элементтер – ванадий, титан қоспаларымен). Қорытпаның негізгі мақсаты – болатты раскислеу, модификациялау және легирлеу, бұл тәжірибеде көзге көрінетін ыстық жарықтардың санын азайтып, өңделетін болаттың құрылымы мен сапасын жақсартады.
«Қазақстандық» қорытпасы Оңтүстік Корея, Ресей, Түркия, Жапония, Бразилия және Германияда өндірістік сынақтардан өтті.
Конференция барысында минералды-шикізат және тау-кен-металлургиялық кешендерді дамыту саласындағы өзекті мәселелер талқыланады, атап айтқанда: геология мен тау-кен ісіндегі жетістіктер мен технологиялар, кедейленген және балансқа кірмейтін шикізатты зияткерлік байытудағы заманауи тәсілдер, табиғатты пайдалану экологиялық аспектілері, минералды және техногендік шикізатты металлургиялық қайта өңдеудегі жаңа технологиялар.
Конференция жұмысына мемлекеттік органдардың – ҚР МӨН, ҚР БҒМ, ҚР МҚҰ, Алматы қаласы әкімдігінің, институттар мен даму банктерінің – «ҚИРИ» АҚ, «Ғылым қоры» АҚ, ЕАБР және сондай-ақ Германия, Оңтүстік Корея, Жапония, Қазақстан және басқа елдердің Ұлттық орталық серіктес компанияларының өкілдері қатысады.
Дереккөзі: ortcom.kz
Басқа жаңалықтар
«2025 год РГП «НЦКПМС РК» в цифрах и лицах»
Қазақстанда 2025 жылы 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды
Ғылым мен өнеркәсіпке адалдық: Эра Ли - Қазақстанның тау-кен металлургия саласының танымал маманы
Отандық бизнес реттелетін сатып алуларға ОТӨ Реестрі арқылы қол жеткізе алады