Оның құрылысына корей корпорациясы мен қазақстандық мемлекеттік кәсіпорын қатысады
Қырғызстан Республикасының экономика министрі Темір Сариев Қырғызстан Республикасының Экономика министрлігі, POSCO корпорациясы және Қазақстан Республикасының «Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қол қойылған құжат шеңберінде Қырғызстан Республикасының Экономика министрлігі корей корпорациясы мен қазақстандық мемлекеттік кәсіпорынмен бірлесіп Қырғызстан Республикасының ресурстарын, POSCO корпорациясының тәжірибесін және Ұлттық орталықтың технологияларын пайдалана отырып жобаны жүзеге асырады.
Бұл меморандумның бірінші кезеңінде Таш-Кұмыр қаласында ферросплав зауытының құрылысы жоспарланған, оның өндірістік қуаты жылына 7 500 тонна болады, ал кейіннен өндірістік қуаттарды 200 000 тоннаға дейін кеңейту қарастырылған.
Сонымен қатар, қол қойылған меморандум аясында Қырғызстанда магний зауытының құрылысын зерттеу қарастырылып отыр, мұнда POSCO корпорациясы магний зауытының Қырғызстанда салыну мүмкіндігін зерттеп, сондай-ақ ферросплавтар мен түсті металдар саласындағы жағдайды талдайды.
Одан бөлек, POSCO корпорациясының өкілдерімен кездесуде корей тарап Қырғызстан Республикасының студенттеріне минералды ресурстарды өндіру және қайта өңдеу саласында білім беру мақсатында Оңтүстік Кореядағы POSTECH-Поханг Ғылым және Технология университетінде оқу бағдарламасын өткізу жоспарланып отырғанын хабарлады.
Дереккөзі: www.vesti.kg
Басқа жаңалықтар
Бердикулова Феруза Асановнаның мерейтойы
ВНИИцветмет Грузияның ірі тау-кен компаниясы — RMG Copper-мен ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда
Сайлаубай Байсановтың 75 жылдық мерейтойына арналған МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ОЧЕРК
Филиппиннің Себу қаласында «Sustainability through Science and Technology / Sustainable Industrial Processing Summit (SIPS 2025)» атты тұрақты даму мәселелеріне арналған жыл сайынғы Саммит өткізілді.
Қазақстандық ғалымдар өз кендерінен ванадий электролитін алу технологиясын әзірледі