ҚР ИЖТМ Республикалық рационализаторлық ұсыныстар конкурсын іске қосады

10.06.2013

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Астана қ. 2013 жылғы 10 маусым

ҚР ИЖТМ рационализаторлық ұсыныстардың республикалық конкурсын бастайды

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен «РАЦИОНАЛИЗАТОР.KZ – 2013» республикалық рационализаторлық ұсыныстар конкурсын бастайды.

Бұл байқау халықтың инновациялық белсенділігін ынталандыруға және инновациялық кәсіпкерлікті насихаттауға, сондай-ақ экономиканы модернизациялаудағы рационализаторлық қозғалыстың маңыздылығын, нақты рационализаторлық кейіпкерлерді және олардың дамуын көрсетуге арналған. Мұндай жоба алғаш рет 2010 жылы іске қосылып, «Хабар» телеарнасында телевизиялық форматта өткен, ал 2011 жылдан бастап «Қазақстан» ұлттық телеарнасында көрсетілуде.

2012 жылғы байқаудың жеңімпаздары: «Жылдың үздік рационализаторлық ұсынысы» номинациясы бойынша бірінші орын және 1,5 миллион теңге көлеміндегі сыйлық Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері Жетісай қаласынан Ибадулла Үмбетаев пен Оразбек Бигараевқа бұйырды. Екінші және үшінші орындарды тиісінше «KSP Steel» ЖШС директоры Вадим Савицкий (Павлодар қ.) және «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қызметкері Айгүл Айтбайқызы (Атырау қ.) иеленіп, сәйкесінше 1 млн және 750 мың теңге көлемінде сыйақы алды.

«Кәсіпорындағы рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі» номинациясының жеңімпазы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ болды.

2013 жылғы жүлде қоры келесідей бөлінді:
1 орын – 2,5 млн теңге,
2 орын – 1,5 млн теңге,
3 орын – 1 млн теңге.
Байқаудың жалпы жүлде қоры 5 (бес) миллион теңгені құрайды.

«РАЦИОНАЛИЗАТОР.KZ – 2013» конкурсы тек рационализаторлардың өздерін ғана емес, сонымен қатар рационализаторлық ұсыныстарды жүзеге асыратын кәсіпорындарды анықтау мен ынталандыруды көздейді. Байқаудың телевизиялық форматы жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арналған бағдарламалар топтамасынан тұрады және екі номинацияны қамтиды: «Жылдың үздік рационализаторлық шешімі» және «Кәсіпорындағы рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі».

Конкурсқа Қазақстан кәсіпорындарында енгізілген рационализаторлық ұсыныстарды әзірлеуші жеке тұлғалар, сондай-ақ рационализаторлықты қолдау жүйесі жұмыс істейтін заңды тұлғалар қатыса алады.

Өтінімдер ағымдағы жылдың 15 тамызына дейін қабылданады.

Конкурс туралы толық ақпаратты мына сайттан алуға болады: http://natd.gov.kz/racionalizator/
Байланыс телефондары: +7 (7172) 577-194, +7 771 999 33 03, +7 707 851 89 43

«ТДҰА» АҚ баспасөз қызметі

Телефондар: +7 (7172) 577-194, +7 771 999 33 03, +7 707 851 89 43

Электрондық пошта: rac2013@inbox.ru

Сайт: www.natd.gov.kz

Басқа жаңалықтар

Бердикулова Феруза Асановнаның мерейтойы

Бердикулова Феруза Асановнаның мерейтойы

ВНИИцветмет Грузияның ірі тау-кен компаниясы — RMG Copper-мен ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда

ВНИИцветмет Грузияның ірі тау-кен компаниясы — RMG Copper-мен ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда

Сайлаубай Байсановтың 75 жылдық мерейтойына арналған МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ОЧЕРК

Сайлаубай Байсановтың 75 жылдық мерейтойына арналған МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ОЧЕРК

Sustainable Industrial Processing Summit 2025: ғылым мен технологияның симбиозына негізделген тұрақты даму

Филиппиннің Себу қаласында «Sustainability through Science and Technology / Sustainable Industrial Processing Summit (SIPS 2025)» атты тұрақты даму мәселелеріне арналған жыл сайынғы Саммит өткізілді.

Қазақстандық ғалымдар өз кендерінен ванадий электролитін алу технологиясын әзірледі

Қазақстандық ғалымдар өз кендерінен ванадий электролитін алу технологиясын әзірледі

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз