Біз ЖІӨ - дегі инновациялық өнімнің үлесін 2,5% - ға дейін жеткізуіміз керек-А. Исекешев

08.12.2014

Алматыда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысумен инновациялық кластерді дамыту мәселелері жөніндегі кеңес өтті. Кеңесте ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев екінші бесжылдық жоспарлар туралы айтты.

«Егер 2009–2010 жылдары бізде бірнеше он жобалар ғана болса, қазір тек Инвестициялар және даму министрлігі мен Технологиялық дамуды ұлттық агенттік арқылы 500-ден астам жоба қолдау тапты. Көптеген жобалар ҚР БҒМ және Назарбаев Университеті арқылы да қолдау алды. Осылайша, жаңа «жас ұрпақ» инновациялық экономикада қалыптаса бастады. Сондықтан екінші бесжылдықта осы жұмысты жандандыруды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз — инновациялық белсенділікті 20%-ға дейін арттыру, инновациялық өнім үлесін ЖІӨ-де 2,5%-ға жеткізу», — деді министр.

Министр екінші бесжылдықта негізгі назар өңдеуші өнеркәсіпке жасалатынын атап өтті. Инновациялық саясатта екі басымдық бар. Біріншісі — дәстүрлі салалардағы (металлургия, геология, ауыл шаруашылығы және басқалар) технологиялық артта қалуды қысқарту. Екіншісі — робототехника, автоматтандыру, инжиниринг, мультимедиа технологиялары сияқты жаңа білім экономикасының салаларын дамыту негізін жасау.

«Мысалы, техногендік кен орындарын қайта өңдеу бойынша Ұлттық минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу орталығы ГМК кәсіпорындарымен жұмыс жүргізуде. Нефтеотдауды арттыру технологияларын дамыту бағыттары «ҚазМұнайГаз», «МаңғыстауМұнайГаз» компаниялары арқылы жүзеге асырылуда. Қалған бағыттар бойынша да ұқсас жұмыс жүргізілуде», — деді Ә. Исекешев.

Айта кетейік, шара Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі тарапынан ұйымдастырылды.

Бұрын хабарланғандай, 3,5 миллион долларлық эксперименттік кешеннің құрылысы 2014 жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарланған еді. Бірінші жылда жылу кешенінің таза табысы бес миллион доллар болады деп көрсетілген. Әдістің ерекшелігі — көмір мен әктасты жағу арқылы түтінсіз жылу энергиясын алу тәсілі. Жанатын отын сөндірілген әкке айналады. Павлодарлық жылу қондырғысы бар ТЭЦ-тің баламасы бола алады және ірі кәсіпорындар мен моногородтарды жылытуға мүмкіндік береді.

2013 жылдың қаңтарында Николай Храмов өз әдісін Еуразиялық патент ведомствосында патенттеген. Храмов әдісі бойынша шағын ТЭЦ салуға дайын екенін Өзбекстан мен Қырғызстанның бірнеше кәсіпорны мәлімдеген.

Дереккөз: www.inform.kz

Басқа жаңалықтар

2025 жылдың жағымды естеліктері

2025 жылдың жағымды естеліктері

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК 2025 жылғы қызметі» сандар мен тұлғалар»

«2025 год РГП «НЦКПМС РК» в цифрах и лицах»

Қазақстанда 2025 жылы 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды

Қазақстанда 2025 жылы 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды

Ғылым мен өнеркәсіпке адалдық: Эра Ли - Қазақстанның тау-кен металлургия саласының танымал маманы

Ғылым мен өнеркәсіпке адалдық: Эра Ли - Қазақстанның тау-кен металлургия саласының танымал маманы

Отандық бизнес реттелетін сатып алуларға ОТӨ Реестрі арқылы қол жеткізе алады

Отандық бизнес реттелетін сатып алуларға ОТӨ Реестрі арқылы қол жеткізе алады

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз