Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді өңдеу ұлттық орталығы М. Ауэзов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетімен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Меморандумның мақсаты – өзара қызығушылық тудыратын салаларда бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру, сондай-ақ жоғары білікті кадрларды даярлау саласында ынтымақтастық орнату.
Ұлттық орталықтың бас директоры Абдурасул Жарменов өз сөзінде атап өткендей, ғылымды реформалау шеңберінде мемлекеттік деңгейде ғылыми кадрларды даярлаудың сапасын арттыру басты басымдықтардың бірі болып табылады, өйткені жас ғалымдар ғылым дамуының қозғаушы күші болып табылады және инновациялық экономиканың кадрлық әлеуетін құрайды. Олардың қызметінің нәтижесі зерттеу жүргізу қабілетіне, нәтижелерді жүйелі тұжырымдай білуге және жұмысының практикалық маңызын түсінуіне байланысты. Бұл қасиеттердің қалыптасуында жоғары оқу орнындағы дайындық, яғни көп компонентті процесс, үлкен рөл атқарады.
Қазіргі уақытта университетте 2 ғылыми-зерттеу институты, оның ішінде 7 ғылыми-зерттеу орталығы, 15 ғылыми лаборатория, кафедрааралық ғылыми кешендер, тәжірибелік-өндірістік кешен, технологиялық бизнес-инкубатор, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру офисі, жаңа технологиялар бөлімі, аналитикалық зерттеулер орталығы, кәсіпкерлік және серіктестік орталығы, сондай-ақ жобалық-конструкторлық бюро жұмыс істейді. Сонымен қатар университетте «Құрылымдық және биохимиялық материалдар» инженерлік профиліндегі Аймақтық сынақ лабораториясы және «Сапа» сынақ орталығы жұмыс істейді.
Университеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына жыл сайын әртүрлі бағдарламалар бойынша бөлінетін қаржы көлемі 1 млрд теңгеден асады. Университетте үш ғылыми журнал шығарылады, олар РИНЦ деректер базасына кіреді: ағылшын тіліндегі халықаралық ғылыми журнал «Industrial Technology and Engineering», «М.Ауэзов атындағы ОҚМУ ғылыми еңбектері» журналы, «Оңтүстік Қазақстан ғылымының вестнигі» журналы.
Университет пен ғылыми орталық арасындағы ынтымақтастық ғылым және техника саласындағы білімді нығайтуға, сондай-ақ зерттеу әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді. Ғылым, технология және техника саласындағы жоғары әлеует елдерге тұрақты дамуға жету жолында кездесетін қиындықтарды жеңуге, соның ішінде денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, коммуникациялар, энергетика, өнеркәсіп пен инфрақұрылымды дамыту сияқты салаларда қажет.
Дереккөзі: gov.kz/memleket/entities/miid/
Басқа жаңалықтар
Бердикулова Феруза Асановнаның мерейтойы
ВНИИцветмет Грузияның ірі тау-кен компаниясы — RMG Copper-мен ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда
Сайлаубай Байсановтың 75 жылдық мерейтойына арналған МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ОЧЕРК
Филиппиннің Себу қаласында «Sustainability through Science and Technology / Sustainable Industrial Processing Summit (SIPS 2025)» атты тұрақты даму мәселелеріне арналған жыл сайынғы Саммит өткізілді.
Қазақстандық ғалымдар өз кендерінен ванадий электролитін алу технологиясын әзірледі