Ғылыми семинар

17.04.2026

2026 жылғы 15 сәуірде «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК Ғылыми кеңесінің жанындағы Жаратылыстану ғылымдары, тау-кен,, шикізатты қайта өңдеу және металлургия бойынша ғылыми семинардың кезекті отырысы өтті.

Семинар аясында ғалымдар хризотил-асбесті техногендік шикізатты қайта өңдеу және су шаруашылығы объектілерін қауіпсіз пайдалану үшін жүйелі геофизикалық мониторинг әзірлеу мәселелерін талқылады.

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК-ның сирек металдар зертханасының аға ғылыми қызметкері Анар Мұхаметжанова өз баяндамасында «Қостанай минералдары» АҚ-мен ынтымақтастық шеңберінде хризотил-асбест қалдықтарын өңдеудің кешенді технологиясы және оны іске асыру үшін жабдықтар жасалғанын атап өтті. Технология «Ғылым қоры» АҚ қолдауының арқасында коммерцияландыру жобасы табысты іске асты. Алынған өнім – бишофит «Қостанай минералдары» АҚ-ның ішкі қажеттіліктері үшін пайдаланылады. Сонымен қатар, ол таза магний – карналлит қосылысын алу үшін шикізат болып табылады. Соңғысы магний өндіру үшін Өскемен титан-магний комбинатына қажет. Қазіргі уақытта кәсіпорын карналлитті шетелден сатып алуда.

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК-да су шаруашылығы объектілерін қауіпсіз пайдалануды жүйелі мониторингтік зерттеу үшін келешек тәжірибеде геофизикалық әдістерді қолдануға зерделеу және бағалау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жобаның жауапты орындаушысы Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ докторанты Қамбар Әсемов семинарға қатысушыларға қазіргі уақытта топырақ бөгеттерін қауіпсіз пайдалану үшін жүйелі геофизикалық мониторинг әдістемесі әзірленгенін және сыналғанын хабарлады. Жұмыстар Алматы облысының гидротехникалық құрылыстарын пайдалануға жауапты ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта жалғасуда. Өзекті тақырыптар қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Семинарға қатысушылар өз сөздерінде жұмыстардың нақты қолданбалы міндеттерді шешуге бағытталғанын және ғылымның өндіріспен шынайы байланысын көрсететінін атап өтті, бұл бүгінгі таңда мемлекет ғылымнан талап етілетін нәрсе.

Басқа жаңалықтар

Ғылыми семинар

Ғылыми семинар

Казахстан может заменить импортный карналлит — разработка ученых

Казахстан может заменить импортный карналлит — разработка ученых

Казахстанские ученые создают магниевое сырье

Казахстанские ученые создают магниевое сырье

Наурыз мерекесі!

Наурыз мерекесі!

V Халықаралық экологиялық конгреске қатысу

V Халықаралық экологиялық конгреске қатысу

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз