Қазақстан Республикасында «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң қабылданды. Елде жер қойнауын пайдалану процестерін мемлекеттік реттеуге ғылыми-негізделген тәсіл қалыптасуда. «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директоры, академик Әбдірәсіл Жәрменовтың айтуынша, оны ел экономикасы үшін дұрыс таңдалған технологиялық саясат шеңберінде кідіріссіз жүзеге асыру қажет.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бұл бағытта тәжірибесі жеткілікті, «мемлекет – өнеркәсіп – ғылым» жүйесінде өзара байланысты жоспарлы түрде жүзеге асыра отырып, тау-кен металлургия саласын дамытуға бағытталған ғылыми-техникалық бағдарламаларға мақсатты түрде жетекшілік етеді.
«Жаңа Қазақстанның Конституциясына сәйкес жер қойнауы халыққа тиесілі делінген, сондықтан бұл саладағы мемлекеттік реттеу бөлігіндегі жауапкершілік аса жоғары болуы тиіс», - деп есептейді ғалым. Оның пікірінше, әрбір нақты кен орны және барлық техногендік қалдықтар бойынша өндірілетін шикізаттағы мақсатты және оған ілеспе құнды компоненттерді алу нормаларын анықтаудан бастау керек. Тағы да бір маңызды мәселе – көмірді энергетика мен металлургияда экологиялық қолдануға қол жеткізу. Қазақстанда бұл табиғи ресурстың қуатты қорлары бар болғандықтан, оны жағу кезінде пайда болатын газдарды кәдеге жарату бағдарламасы да қажет.
Бұл уәкілетті мемлекеттік органдарды қажетті нақтылы ғылыми нұсқаулықтармен қамтамасыз етуге, жер қойнауын пайдалану процестерін басқарудың тиімділігін арттыруға, экологиялық проблемаларды шешуге және нәтижесінде жер қойнауын пайдаланудан алынатын мемлекет кірістерін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Источник: gov.kz/memleket/entities/mps
Басқа жаңалықтар
Бердикулова Феруза Асановнаның мерейтойы
ВНИИцветмет Грузияның ірі тау-кен компаниясы — RMG Copper-мен ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда
Сайлаубай Байсановтың 75 жылдық мерейтойына арналған МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ОЧЕРК
Филиппиннің Себу қаласында «Sustainability through Science and Technology / Sustainable Industrial Processing Summit (SIPS 2025)» атты тұрақты даму мәселелеріне арналған жыл сайынғы Саммит өткізілді.
Қазақстандық ғалымдар өз кендерінен ванадий электролитін алу технологиясын әзірледі