Нұр-Сұлтанда тау-кен кешені үшін жаңа технологиялар талқыланды

18.04.2019

Қазақстандағы тау-кен металлургиясы және химиялық салалардағы ғылыми әзірлемелер мен олардың коммерцияландыруы туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде өткен баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Журналистермен кездесуде «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі Ұлттық орталығы» директоры Абдурасул Жарменов Қазақстандық алтынның үшінші бөлігі Орталықтың технологиялары бойынша өндіріледі деп атап өтті.

«Өнеркәсіптік масштабта Қаратау кварциттерін қайта өңдеу технологиясы енгізілді, ал Орталықтың ғылыми әзірлемелері негізінде әлемде инвестиция көлемі 3,5 млрд доллардан асатын кәсіпорындар салынды», - деді ол.

Сонымен қатар, Ұлттық орталық Лисаков кен орнының төмен сапалы қоңыртемір кендерін қайта өңдеу технологиясын жасап, әлемде алғаш рет кондициялық концентрат алу мүмкіндігін қамтамасыз етті, марганец қоспаларын өндіру өндірісі құрылды.

Ферросилиций алу үшін алюминий мен титанды төмен мөлшерде қамтитын жаңа шихта құрамы ұсынылды. Қазақстандағы бірнеше кәсіпорында қолданылатын 200-ден астам отқа төзімді материалдардың өндірісі жолға қойылды.

«Отқа төзімді материалдар бойынша біздің жетістіктеріміз өте жақсы, бұл Теміртаудағы КарМетКомбинат. Импорттық жеткізушілерді ығыстырып, КарМетКомбинатқа жеткізілетін отқа төзімді материалдардың 15-20%-ын өзіміз шығара аламыз. ERG тобына жаңа буын отқа төзімді материалдарды жеткізе бастадық, Казцинкеде мыс технологиялары бойынша ірі енгізулерді бастаймыз, никель кендерін қайта өңдеуде өте көп жұмыстар атқарылуда», - деді Жарменов.

Сонымен қатар, Қазақстанда болатты раскислеу, модификациялау және легирлеу үшін «Қазақстандық» қоспасын алу технологиясы бойынша Қарағандылық кешенді қоспалар зауытының 1-кезегі салынып жатыр.

Қоспаның өнеркәсіптік өндірісі Бразилия зауытында меңгерілді. Қырғызстан мен Иранда да Қазақстан ғалымдарының технологиялары негізінде ферроқоспа өндірістерін ашу жоспарлануда.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда және шетелде технологияларды коммерцияландыру жүзеге асырылуда. Осы технологияларға негізделген жаңа өндірістерге салынатын жалпы инвестиция сомасы жақын арада 2 млрд доллардан асады», - деп қосты Жарменов.

Дереккөз: nur.kz

Басқа жаңалықтар

Металлургиялық соны қадам: жанама өнімнен жаңа өнеркәсіптік технологиялық негізге серпіліс

Металлургиялық соны қадам: жанама өнімнен жаңа өнеркәсіптік технологиялық негізге серпіліс

Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күніне арналады

Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күніне арналады

ҚР МШКҚӨ ҰО-да ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру және ҒЗТКЖ қаржыландырудың жаңа тетіктері талқыланды

ҚР МШКҚӨ ҰО-да ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру және ҒЗТКЖ қаржыландырудың жаңа тетіктері талқыланды

ҚР МШКҚӨ ҰО-да 2026 жылға арналған ғылыми-ұйымдастыру қызметінің басымдықтары айқындалды

ҚР МШКҚӨ ҰО-да 2026 жылға арналған ғылыми-ұйымдастыру қызметінің басымдықтары айқындалды

Тау-кен саласында цифрландыру мен жасанды интеллектті қолдану тұжырымдамасын әзірлеу мәселелері талқыланды

Тау-кен саласында цифрландыру мен жасанды интеллектті қолдану тұжырымдамасын әзірлеу мәселелері талқыланды

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз