ПОСТ-РЕЛИЗ

08.04.2019

2019 ж. 4-5 сәуірінде Алматы қаласында «Қазақстанның экспортқа бағдарланған индустрияландырудың негізі ретінде жаратылыстану ғылымдары саласындағы инновациялар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясы, «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК.

Конференцияға Қазақстаннан, Ресейден, Қытайдан, Ираннан, Швейцариядан, Германиядан және БАӘ-нан 200-ге жуық адам қатысты.

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің тең төрағасы, Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының бас директоры, академик Ә.А. Жәрменов ашып:

«Біз бүгін екі жақты мерейтойды атап өтіп отырмыз: Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының құрылғанына 10 жыл және Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының құрылғанына 25 жыл», - деді.

Өткізіліп отырған конференцияны есеп беру конференциясы деп айтуға болады, өйткені ол жаратылыстану ғылымдары, минералды шикізатты кешенді өңдеу саласындағы заманауи ғылыми жетістіктер мен өңдеуші сектордағы инновациялық жаңалықтарды, оның ішінде Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Елбасының Жолдауы мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындауға арналған ҚазҰЖҒА мен «ҚР МШКҰ ҰО» РМК жетістіктерін талқылауға арналды.

Мерейтой иелерінің әрбір есебінде ғылым және өндірісші қоғамының назарын аударуға тұрарлық жетістіктер көп. Оларға Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы ұсынған және мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылған:

  • «2050 жылға дейін Қазақстанның болашақ тұрақты энергетикалық стратегиясы» концепциясы;
  • «Жібек жолы «Евразия» каналы арқылы» жобасы – 2050 жылы жылына 120 млн т жүк тасуға болжамдалған Каспий мен Қара теңіз арасын қосатын канал;
  • «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру» заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық дамуын ғылыми қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар.

Екі ұйымның синергиясы ғылым мен бизнестің интеграциялану үрдісін дамытып, елімізде және халықаралық аренада инновациялық технологияларды өндіріске енгізу нәтижесін арттыруда. Мысалы, ҚазҰЖҒА мен ҚР МШКҰ ҰО академиктері бірлесіп 2017 жылғы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған «Болат өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететін, төмен сапалы (фосфоры жоғары қоңыртемірлі) және техногенді шикізаттарды өңдеуге тарту бойынша әлемдік деңгейдегі технологияларды жасау және оларды коммерцияландыру» жұмысымен сыйлыққа ие болды.

Ә.А. Жәрменов кәсіпорынның осы жылдардағы жұмысына қолдау көрсеткен серіктестері мен әріптестеріне алғысын білдірді.

Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярдың атынан Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Баитов Қанат сөз сөйледі. Ол «ҚР МШКҰ ҰО» РМК-ның ғалымдары жасаған технологиялардың халықаралық аренада Қазақстанның беделін арттыратынын атап өтті. Мысалы:

  • осмийлі концентраттарды өңдеу арқылы Қазақстанды тұрақты изотоптар өндірісінде үштік көшбасшыға қосқан осмий-187 изотопын алу технологиясы;
  • КИВЦЭТ технологиясы – әлемдегі төмен сапалы қорғасынқұрамды шикізаттан балқытылатын біріншілік қорғасынның оныншы үлесін өндіру;
  • Thyssen Krupp AG және POSCO компанияларымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан «Қазақстандық» қорытпасын алу технологиясы;
  • алтынқұрамды шикізатты өңдеудің бірегей технологиялары, Қазақстанда асыл металдың әрбір үшінші тоннасын өндіру.

Конференцияға қатысушылар мен қонақтарды құттықтап, ұйымдастыру комитетінің тең төрағасы, ҚазҰЖҒА Президенті, экономика ғылымдарының докторы, академик Н.А. Абықаев өткен уақытта ҚазҰЖҒА-ның ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіруде, Елбасының мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруда еліміздің беделді ғылыми орталығы екендігін атап өтті.

Мерейтой иелерін Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының Вице-президенті А.Т. Спицын, Ресейдің бірінші президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федеральді университетінің ректоры В.А. Кокшаров, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ.М. Мутанов, ҚР Парламенті Сенаты депутаты, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының Президенті, физ.-мат. ғылымдарының докторы, академик Б.Т. Жұмағұлов атынан ҚР ҰИА бірінші вице-президенті Н.К. Надиров, «Алтыналмас» АҚ, ЖШС «Казхром» басшылары құттықтады.

Салтанатты отырыс ҚазҰЖҒА мен «ҚР МШКҰ ҰО» РМК көрнекті ғалымдары мен мамандарын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігі, ҚР Білім және ғылым Министрлігі және ҚазҰЖҒА марапаттауымен аяқталды.

Пленарлық отырыста төмендегі мәселелер талқыланды:

  1. «Ғылым қорының коммерцияландырудағы ғылыми және ғылыми-техникалық нәтижелері» АҚ қызметі. Баяндамашы: Султанғазин Ануарбек Жалелұлы, «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы, академик, э.ғ.д. (Қазақстан)
  2. Индустрия 4.0 технологиялары. Ресейдің бірінші президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федеральді университетінің тәжірибесі. Авторлық ұжым: Кортов С.В., Сапогов М.В. (Ресей). Баяндамашы: Кортов Сергей Всеволодович, бірінші проректор, э.ғ.д, ф.-м.ғ.к, профессор (Ресей)
  3. Блокчейн технологиясын пайдалану және оны импорт пен экспорт үрдісінде жетілдіру. Баяндамашы: Тунжай Севиндик, Виссен университетінің ректоры (Швейцария), PhD
  4. Темір және ферроқорытпа өндірісіндегі қалпына келтіру процестерінің электрондық механизмі. Авторлық ұжым: Рощин В.Е., Гамов П.А., Рощин А.В., Салихов С.П. (Ресей). Баяндамашы: Рощин Василий Ефимович, Бас ғылыми қызметкер, Оңтүстік-Орал мемлекеттік университеті
  5. Импульстік әсер технологиясы – қалдықтарды өңдеудегі жаңа сөз. Авторлар: Christoph Muther, Igor Patrushev (Швейцария). Ұсынушы: Игорь Патрушев, ТМД-дағы Plane Solutions SA директоры

Панелдік сессия барысында конференцияға қатысушылар ғылыми-зерттеу нәтижелерін талқылады және келесі бағыттар бойынша болашақ перспективаларды қарастырды:

  • Тау-кен саласындағы және байытудағы заманауи технологиялар;
  • Қара металдар мен ферроқорытпалардың металлургиясы: теориядан коммерциализацияға;
  • Түсті, асыл және сирек металдар металлургиясы: отандық және халықаралық тәжірибе;
  • Табиғи ғылымдар бағдарламасы «Индустрия 4.0».

Басқа жаңалықтар

Бердикулова Феруза Асановнаның мерейтойы

Бердикулова Феруза Асановнаның мерейтойы

ВНИИцветмет Грузияның ірі тау-кен компаниясы — RMG Copper-мен ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда

ВНИИцветмет Грузияның ірі тау-кен компаниясы — RMG Copper-мен ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда

Сайлаубай Байсановтың 75 жылдық мерейтойына арналған МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ОЧЕРК

Сайлаубай Байсановтың 75 жылдық мерейтойына арналған МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ОЧЕРК

Sustainable Industrial Processing Summit 2025: ғылым мен технологияның симбиозына негізделген тұрақты даму

Филиппиннің Себу қаласында «Sustainability through Science and Technology / Sustainable Industrial Processing Summit (SIPS 2025)» атты тұрақты даму мәселелеріне арналған жыл сайынғы Саммит өткізілді.

Қазақстандық ғалымдар өз кендерінен ванадий электролитін алу технологиясын әзірледі

Қазақстандық ғалымдар өз кендерінен ванадий электролитін алу технологиясын әзірледі

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз