Петропавл. Халықаралық Материалтану және нанотехнология Ассамблеясының қызметкерлері өңірге үдемелі индустриялық-инновациялық даму міндеттеріне жауап беретін бірқатар жобаларды ұсынды. Олармен кездесуді аша отырып, СҚО әкімі Серік Біләлов халықтың таза ауыз сумен қамтамасыз етілуі күннің басты проблемаларының бірі болып қала беретінін атап өтті. Бұл бағытта көптеген жұмыстар атқарылуда, мысалы, "Ақ бұлақ" бағдарламасы бойынша өткен жылы облысқа 5,5 млрд теңге бөлінді, ал биыл – 6,6 млрд теңге.
Солтүстік тұрғындары қаражатты тиімді игеруде, алайда бүгінде облыстың 700 ауылы мен бес қаласының жартысы ғана орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Осыған байланысты аймақ басшысын Қауымдастықтың басқарма төрағасы Серік Қожахметов ұсынған аса маңызды әлеуметтік нысандарды – мектептерді, ауруханаларды, балабақшаларды – жергілікті тазарту қондырғыларымен қамтамасыз ету жобасы қызықтырды. Соңғысының айтуынша, олардың көмегімен алынған судың құны дүкендерде сатылатын бөтелкедегі суға қарағанда төрт есе арзан болады.
Екінші жоба күлді пайдалану туралы болды. Жыл сайын көмірмен жұмыс істейтін Петропавл ЖЭО-2 күл үйінділерінде миллион тоннаға жуық өнім жиналады. "Қазмеханобр" мемлекеттік ғылыми-өндірістік бірлестігі директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Александр Космухамбетов құрылыста кеңінен қолданылатын аморфты кремнезем өндіруге арналған, күлдің экологияға зиян келтірмейтін 99 пайыздан астамын қайта өңдейтін фабрика құру жобасын ұсынды. Жобаның инвестициялық құны шамамен 40 млн теңге, алайда Қосмұхамбетовтің айтуынша, түпкілікті өнімнің жоғары өтімділігі бір жарым-екі жыл ішінде шығындарды өтеуге мүмкіндік береді.
Солтүстікқазақстандықтардың көз алдында қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату перспективасы да өте өзекті. Себебі жақын арада Петропавлда ҚТҚ-ның екінші полигоны жабылуы тиіс, ал жаңа алаң бөлу мәселесі өзекті болып тұр. Демек, барлық өркениетті елдердегідей бұл істі бірден заманауи тәсілмен шешуге мүмкіндік бар. Бұл – Мемлекет Басшысының Жолдауында айтылған бағдарға сай мақсат, оған жету үшін барлық жағдайлар жасалған.
"Материалтану және нанотехнология қауымдастығының штаб-пәтері Қазақстанда орналасқаны кездейсоқ емес, – дейді Серік Қожахметов. – Біздің әріптестеріміз бұл жерде инвестициялық және инновациялық климат ең тартымды деп санайды. Қазір біз мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларды ғылыми әлеуетпен – өзіміздің және шетелдік серіктестердің қатысуымен – сүйемелдеу үшін облыс басшыларымен байланыс орнатуға тырысамыз".
Презентация қорытындысы бойынша Серік Біләлов бір ай ішінде жоғарыда аталған жобалардың техникалық және экономикалық құрамдастарын егжей-тегжейлі пысықтайтын жұмыс тобын құруға тапсырма берді. Топтың қорытындылары негізінде серпінді бастамалар бюджетке енгізілуі мүмкін.
Дереккөз: kazpravda.kz
Басқа жаңалықтар
Бердикулова Феруза Асановнаның мерейтойы
ВНИИцветмет Грузияның ірі тау-кен компаниясы — RMG Copper-мен ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда
Сайлаубай Байсановтың 75 жылдық мерейтойына арналған МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ОЧЕРК
Филиппиннің Себу қаласында «Sustainability through Science and Technology / Sustainable Industrial Processing Summit (SIPS 2025)» атты тұрақты даму мәселелеріне арналған жыл сайынғы Саммит өткізілді.
Қазақстандық ғалымдар өз кендерінен ванадий электролитін алу технологиясын әзірледі