Тау-кен саласында цифрландыру мен жасанды интеллектті қолдану тұжырымдамасын әзірлеу мәселелері талқыланды

28.01.2026

ҚР Ғылым комитетіне қарасты Академик Ө. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтында Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінің өндірістік кәсіпорындарында цифрландыру, роботтандыру және автоматтандыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелері бойынша елдің жетекші ғылыми-зерттеу институттары мен ұлттық орталықтарының кеңесі өтті. ҚР ҰИА вице-президенті, академик Амандық Төлешовтің төрағалығымен өткен жиынға Металлургия және кен байыту институтының бас директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты, профессор Бағдаулет Кенжалиев, ҚР Минералды шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі Ұлттық орталығы бас директорының бірінші орынбасары, ҚР ҰИА академигі, профессор Досмұрат Айтқұлов, Ө. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының бас директоры Заир Уалиев, Д. Қонаев атындағы Тау-кен істері институты директорының орынбасары, т.ғ.к. Евгений Шавельников, аналитикалық приборлар жасаушы «АспапГЕО» ЖШС директоры, физ-мат ғ.к.т. Алексанр Лезин, сондай-ақ бірқатар белгілі ғалымдар мен осы сала мамандары қатысты. Кеңес аясында Қытай Ғылым академиясының Шэньян автоматтандыру институтының өкілі Ло Сай онлайн форматта «Ақылды кен байытудың негізгі технологияларын зерттеу және қолдану» тақырыбында баяндама жасап, өндірістік процестерді басқарудың интеллектуалдық деңгейін арттыруға арналған заманауи шешімдерді ұсынды Кеңес қорытындысында қатысушылар тау-кен саласында цифрландыру мен жасанды интеллектіні қолдану бағытында тиісті уәкілетті органдарға арналған даму тұжырымдамасын әзірлеу, сондай-ақ бірлескен бағдарламалық және ғылыми-инновациялық жобаларды іске асыру жөнінде шешімдер қабылданды.

Басқа жаңалықтар

Конкурстық комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

Конкурстық комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығындағы Металлург күні

Қазақстан Республикасы Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығындағы Металлург күні

Әңгімелесу өткізу КЕСТЕСІ

Әңгімелесу өткізу КЕСТЕСІ

Қауымдастырылған профессор ғылыми атағын беруге ұсыным бойынша материалдар: Алимжанова А.М.

Қауымдастырылған профессор ғылыми атағын беруге ұсыным бойынша материалдар: Алимжанова А.М.

Қазақстандық ғалымдар RCCT-2026 халықаралық конференциясында жартылай өткізгіш материалдар саласындағы әзірлемелерін таныстырды

Қазақстандық ғалымдар RCCT-2026 халықаралық конференциясында жартылай өткізгіш материалдар саласындағы әзірлемелерін таныстырды

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз