Жақында «Qarmet» АҚ аглоцехінде фосфордың зиянды қоспалары бар темір кенін қайта өңдеудің бірегей технологиясы жартылай өндірістік ауқымда сыналды.
Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институтында (Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығының филиалы) хабарлағандай, құрамында зиянды фосфор қоспалары бар қоңыр теміртастар бұрын пайдалану көлемі жағынан едәуір шектеулі болған. Енді институт ғалымдары алғаш рет әлемде қоңыр теміртастарды қайта өңдеу әдістемесін жасап, оны «Оркен» ЖШС мамандарымен бірлесіп сәтті сынақтан өткізді.
Ұлттық орталықтың баспасөз қызметі хабарлағандай, алынған концентрат қара металлургияға арналған темір кені шикізатына қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді (темір – 60,81 %, фосфор – 0,3 %, кремний тотығы – 7,59 %, алюминий тотығы – 3,61 %).
Бұл технологияның әлемде баламасы жоқ және ол Қазақстан мен шетелдегі ірі кен орындарында өндірілетін осындай фосфорлы қоңыр теміртастарды байыту процестеріне бейімделуі мүмкін.
Дереккөз: «Казахстанская правда» газеті
Басқа жаңалықтар
Конкурстық комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасы Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығындағы Металлург күні
Қауымдастырылған профессор ғылыми атағын беруге ұсыным бойынша материалдар: Алимжанова А.М.
Қазақстандық ғалымдар RCCT-2026 халықаралық конференциясында жартылай өткізгіш материалдар саласындағы әзірлемелерін таныстырды