"Қазақстан" қорытпасы әлемді жаулап алуда

07.12.2018

Алматыда Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының (РГП «НЦКПМС РК») генеральды директоры, академик, Қазақстан Республикасының ғылым және техника саласындағы екі дүркін Мемлекеттік сыйлық лауреаты Абдурасул Жарменовтың төрағалығымен «Қазақстандық» қорытпа («Сплав «Казахстанский») жобасын іске асыру бойынша Қазақстан мен Қытай серіктестерінің кездесуі өтті.

Светлана ЕФРЕМОВА, НЦКПМС РК бас ғылыми хатшысы, т.ғ.д., профессор

РГП «НЦКПМС РК» – Қазақстанның тау-кен-металлургиялық саласындағы жалғыз ғылыми ұйым, соңғы 20 жылда (ұйымға биыл 25 жыл) оның технологиялары негізінде әлемнің әр түрлі нүктелерінде ондаған зауыттар мен фабрикалар салынды, инвестициялар көлемі $3,5 млрд-тан асты. Жыл сайынғы өнім шығарылымы қазіргі бағамен $4 млрд-тан асады. Үлкен жобалардың бірі – «Сплав «Казахстанский». Бұл қорытпаны өндіру технологиясы Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың бастамасымен жасалып, металлургияның дамыған елдерінде 25-тен астам патентпен қорғалған.

Жобаны іске асыруға Қытай Халық Республикасындағы электр пештерін жобалау және өндіру саласындағы ірі компания JinZhou TianSheng Heavy Industry Co.Ltd (JZTSHI) тартылған. РГП «НЦКПМС РК» пен JZTSHI арасындағы серіктестік уақыт сынағынан өтіп, нақты серіктестікке айналды. Кездесу барысында Қырғызстан мен Ирандағы ферросиликоалюминий өндіретін ферросплав зауыттарын салу және ҚХР-де металлургиялық өнімдерді зерттеу институтын ұйымдастыру бойынша екі ынтымақтастық Меморандумыға қол қойылды.

«Мен үшін РГП «НЦКПМС РК» бас директоры А. Жарменов пен JZTSHI бас директоры Баоджин Лидің құжаттарға қол қойып жатқан сәтін көру – үлкен қуаныш», – деді қытайлық делегацияны бастап келген, ЦзиньЧжоу округі Экономикалық даму комитетінің хатшысы Ванг Деджиа.

ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті, химия ғылымдарының докторы М. Ж. Журиновтың пікірінше, екі ірі кәсіпорын – Қазақстанның ғылыми ұйымы (РГП «НЦКПМС РК») мен ҚХР-дағы озық металлургиялық жабдық жобалаушы компания (JZTSHI) арасындағы серіктестік үлкен табысқа қол жеткізіп, Қазақстан мен Қытайдың дамуына септігін тигізеді.

Қазақстан президентінің кеңесшісі, физика-математика ғылымдарының докторы В.С. Школьник металлургия саласындағы казахстандық-қытайлық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Бұл серіктестік Қазақстанның мемлекеттік бағдарламалары («ГПИИР РК 2015-2019», «Нұрлы жол») және ҚХР бағдарламалары («Бір белдеу, бір жол») аясында жүзеге асырылады және екі елдің халықтарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Президент Н.А. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша тиісті министрліктер дәстүрлі және жаңа индустрияларды дамытуға, инновацияларды және цифрлық технологияларды қолдануға қолайлы бизнес-климат құруға ат салысуда. Инновацияны ғылыми ұйымдар жүзеге асырады, ал идеяларды өндірісте іске асыру ғалымдар, жобалаушылар мен өндіріс мамандарының бірлескен жұмысының нәтижесі. Осы тұрғыда ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Г. С. Аубакирова казахстандық ғылыми ұйым мен қытайлық жобалау компаниясының серіктестігін үлгі ретінде атап өтті және бұл ғылым мен техника саласындағы екіжақты байланыстардың одан әрі дамуына ықпал етеді.

«Біз әлемдік деңгейде ерекше нәтижелерге қол жеткізуді мақсат етеміз. Біз оған жетеміз, өйткені 1+1 – 2-ден үлкен». Сол сөздермен JZTSHI бас директоры Баоджин Ли казахстандық-қытайлық тандемнің қызметін сипаттады.

Дереккөз: dknews.kz

Басқа жаңалықтар

Бердикулова Феруза Асановнаның мерейтойы

Бердикулова Феруза Асановнаның мерейтойы

ВНИИцветмет Грузияның ірі тау-кен компаниясы — RMG Copper-мен ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда

ВНИИцветмет Грузияның ірі тау-кен компаниясы — RMG Copper-мен ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда

Сайлаубай Байсановтың 75 жылдық мерейтойына арналған МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ОЧЕРК

Сайлаубай Байсановтың 75 жылдық мерейтойына арналған МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ОЧЕРК

Sustainable Industrial Processing Summit 2025: ғылым мен технологияның симбиозына негізделген тұрақты даму

Филиппиннің Себу қаласында «Sustainability through Science and Technology / Sustainable Industrial Processing Summit (SIPS 2025)» атты тұрақты даму мәселелеріне арналған жыл сайынғы Саммит өткізілді.

Қазақстандық ғалымдар өз кендерінен ванадий электролитін алу технологиясын әзірледі

Қазақстандық ғалымдар өз кендерінен ванадий электролитін алу технологиясын әзірледі

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз