Ғылым мен өнеркәсіпке адалдық: Эра Ли - Қазақстанның тау-кен металлургия саласының танымал маманы

09.01.2026

Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінің дамуын өз өмірін ғылым мен өнеркәсіпке арнаған ғалымдар мен инженерлердің қажырлы еңбегінсіз елестету мүмкін емес. Осындай көрнекті тұлғалардың бірі Эра Менгуковна Ли - минералды шикізатты байыту саласындағы отандық ғылымның тарихымен тығыз байланысты адам.

Эра Менгуковна Ли - «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК-ның «Қазмеханобр» мемлекеттік өнеркәсіптік экология ғылыми - өндірістік бірлестігі» филиалының (бұдан әрі-Қазмеханобр) Минералдық шикізатты байыту және жартылай өнеркәсіптік сынақтар бөлімінің бастығы. 1970 жылғы Солтүстік Кавказ тау-кен металлургия институтының түлегі, ол өзінің 55 жылдан астам кәсіби қызметін бір ғылыми мекеме – Қазмеханобраға арнады, бұнда ол жолдамамен келді, және де оның бүкіл еңбек өмірбаяны осы мекемемен байланысты.

Инженерден бастап негізгі ғылыми-өндірістік бөлімшенің басшысына дейінгі еңбек жолынан өтті, Эра Менгуковна күрделі және қыйын байытылатын кендерді байыту технологияларының дамуына елеулі үлес қосты. Оның тікелей басшылығымен Құндызды, Шалқия, Аңсай, Ақжал, Шоқпар, Ақжар, Сарытұм, Гагарин, Қажықонған, Шынасыл-Сай, Қостөбе сияқты және басқа да кен орындарының полиметалл, қорғасын-мырыш, мыс, сирек, қара және алтынқұрамды кендерін өңдеуге арналған технологиялық шешімдер әзірленді. Эра Менгуковнаның қыйын байытылатын кендерді флотациялау, полиметалл және асыл металдарды кешенді өндіру саласындағы әзірлемелері Қазақстанның көптеген байыту фабрикаларын жобалау мен салу үшін технологиялық регламенттердің негізін қалады. Оның ғылыми қызметінде ерекше орын алатын, бағалы компоненттерді өндірістік циклге қайтаруға және қоршаған ортаға экологиялық жүктемені төмендетуге мүмкіндік беретін (Дүберсай және Донской КБК-нің, Балқаш байыту фабрикасының, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінің, Текелі байыту фабрикасының жатыпқалған қалдықтары, Баялдыр қалдық қоймасы және т.б.) техногендік түзілімдерді өңдеу.

Эра Менгуковна Лидің еңбегі мемлекеттік және салалық деңгейде жоғары бағаланды. Ол еңбек даңқы кеуде белгісінің толық кавалері, II және III дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгілерімен, сондай-ақ «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. Алтын және күмісқұрамды мыс кендерін кешенді өңдеудің инновациялық тәсілдерін әзірлегені үшін оған Академик Е.А. Бөкетов атындағы беделді сыйлық берілді.

2026 жылдың 5 қаңтарында Эра Менгуковна Ли өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Осы айтулы күні біз Қазақстанның тау-кен металлургия ғылымын дамытудың берік негізіне айналған оның көп жылғы еңбегі, ғылыми жетістіктері мен іске берілгендігі үшін терең құрмет пен ризашылығымызды білдіреміз. Сізге зор денсаулық, амандық, ұзақ өмір және ел игілігі үшін жаңа кәсіби жетістіктерге жетуге сарқылмас қайрат тілейміз.

Басқа жаңалықтар

2025 жылдың жағымды естеліктері

2025 жылдың жағымды естеліктері

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК 2025 жылғы қызметі» сандар мен тұлғалар»

«2025 год РГП «НЦКПМС РК» в цифрах и лицах»

Қазақстанда 2025 жылы 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды

Қазақстанда 2025 жылы 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды

Ғылым мен өнеркәсіпке адалдық: Эра Ли - Қазақстанның тау-кен металлургия саласының танымал маманы

Ғылым мен өнеркәсіпке адалдық: Эра Ли - Қазақстанның тау-кен металлургия саласының танымал маманы

Отандық бизнес реттелетін сатып алуларға ОТӨ Реестрі арқылы қол жеткізе алады

Отандық бизнес реттелетін сатып алуларға ОТӨ Реестрі арқылы қол жеткізе алады

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз