Белоруссия, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия және Қырғызстанның атом саласы ардагерлері Бішкекте өткен халықаралық конференцияға қатысты.

01.07.2025

Атом энергиясы және ядролық технологиялар бойынша халықаралық конференция Орталық Азия елдерінің салалық сарапшылары мен ардагерлерін жинап, даму перспективалары мен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

23–25 маусым аралығында Бішкекте Орталық Азия елдеріндегі атом энергиясы мен ядролық технологияларды дамытуға арналған халықаралық ғылыми конференция өтті. Іс-шара ресейлік атом саласының 80 жылдығына орай өткізілді және «Росатом» мемлекеттік корпорациясының қолдауымен ұйымдастырылды. Конференцияға Моңғолия, Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан және өңірдің басқа елдерінің атом саласының ардагерлері қатысты.

Талқылаудың негізгі тақырыптары: атом энергетикасының жасыл экономикадағы рөлі, ядролық технологияларды медицинада қолдану, жас мамандарды дайындау және салада жасанды интеллект енгізу. Қатысушылар халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын және «Росатом» мемлекеттік корпорациясының технологиялық көшбасшы ретіндегі рөлін атап өтті.

«Ядролық технологияларды дамыту – ғылыми прогрестің ажырамас бөлігі және тұрақты болашаққа негіз. Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясы халықаралық ынтымақтастыққа қызығушылық танытады, соның ішінде МАГАТЭ және Росатом сияқты беделді серіктестермен. Ғылыми қауымдастық технологияларды бейбіт мақсатта медицинада, энергетикада және экологияда қолдану үшін қауіпсіз және тиімді шешімдер әзірлеуге қатысуы маңызды», – деп атап өтті Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті Қанатбек Абдрахматов.

«Атом энергетикасы – тек жоғары технология ғана емес, сонымен қатар тұрақты дамуға апарар жол. Қырғызстанда атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдануға әлеует бар, және бүгінгі күні сарапшылар қауымдастығын қалыптастыру, тәжірибе алмасу және жас кадрларды даярлау ерекше маңызды. Біз, саланың ардагерлері, өз білімімізді бөлісуге және осы саладағы жаңа бастамаларды қолдауға дайынбыз», — деп атап өтті Қырғыз Республикасының атом энергетикасы ардагерлері одағының төрайымы Людмила Евтеева.

Техникалық ғылымдар докторы Дүйсебаев Б.О. – РГП НЦ КПМС Кәсіби құзыреттілік орталығының жетекшісі, конференцияның барлық отырыстарына төрағалық етті, сондай-ақ конференция баяндамаларына қатысты пікірлер берді. Ол МСВАЭП бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Справка:

Халықаралық атом энергетикасы және өнеркәсіп ардагерлері одағы (МСВАЭП) – МАГАТЭ Бас конференциясында аккредиттелген беделді халықаралық ұйым. Оның қызметі атом саласының дамуына, тарихи мұраны сақтауға және тәжірибені жас ұрпаққа беруге бағытталған.

Қазақстандағы ядролық өнеркәсіп ардагерлері одағы (СВЯИ) – 2023 жылғы 6 наурызда құрылды және сол жылы МСВАЭП мүшелігіне кірді. СВЯИ төрағасы ретінде Дүйсебаев Б.О. сайланды, хатшысы – Байтасов К.М.

Басқа жаңалықтар

2025 жылдың жағымды естеліктері

2025 жылдың жағымды естеліктері

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК 2025 жылғы қызметі» сандар мен тұлғалар»

«2025 год РГП «НЦКПМС РК» в цифрах и лицах»

Қазақстанда 2025 жылы 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды

Қазақстанда 2025 жылы 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды

Ғылым мен өнеркәсіпке адалдық: Эра Ли - Қазақстанның тау-кен металлургия саласының танымал маманы

Ғылым мен өнеркәсіпке адалдық: Эра Ли - Қазақстанның тау-кен металлургия саласының танымал маманы

Отандық бизнес реттелетін сатып алуларға ОТӨ Реестрі арқылы қол жеткізе алады

Отандық бизнес реттелетін сатып алуларға ОТӨ Реестрі арқылы қол жеткізе алады

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз