ҚР Инвестициялар және даму Вице-министрі ШҚО-да салынып жатқан металлургия орталығына барды

29.09.2014

Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары аясында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау өңірде құрылып жатқан Металлургия орталығын аралап, жобаның мәселелері мен перспективасымен танысты, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Объектіге бару барысында Альберт Рау жобаны жүзеге асырудағы ағымдағы жұмыстармен танысты. Бірқатар объективті себептерге байланысты құрылыс кестеден артта жүрсе де, процесс облыс басшылығының бақылауында. Өткен демалыс күндері жоба орындаушыларымен кездескен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмысты оңтайландыру бойынша бірнеше нұсқаулар берді.

Бүгінгі күнге дейін ұсақ-түйек материалдарды қалыптау технологияларын сынақтан өткізуге арналған тәжірибелік-өндірістік учаскенің бірінші кезеңінің құрылысы аяқталды. Электр пешінің монтажы жүргізілді. Бірінші сынамалық өнім партиясы – 3,5 тонна – күйдірілді. Осы жылдың маусым айында генераторлық қондырғы жеткізілді. Бу-турбиналық қондырғының өндірісі жүргізілуде. Бұл учаскенің шығыны 305,7 млн теңгені құрады.

Көмір мен көміртекті материалдарды өңдеу учаскесінде технологиялық желінің құрылысы аяқталып, іске қосу және сынақ жұмыстар жүргізілді. 340 тонна дайын өнім өндірілді, оның талдауы көрсеткендей, кокстың барлық негізгі параметрлері технологиялық регламент талаптарына сәйкес келеді. Бұл учаскенің шығыны 382,7 млн теңгені құрады.

Қазіргі уақытта көмір мен көміртекті материалдарды өңдеу технологиясын сынақтан өткізу учаскесінің екінші кезеңін аяқтау мерзімі жобаны орындаушы тарапынан 2014 жылғы IV тоқсан деп белгіленген.

Естеріңізге сала кетейік, ШҚО-да Металлургия орталығын салу жобасын жүзеге асыру жұмыстары ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес РҒП «Ұлттық минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу орталығы» филиалы арқылы жүргізілуде. Бастапқыда Ұлттық орталық минералды шикізатты кешенді пайдалану бойынша 5 тәжірибелік-өндірістік учаскені құруды жариялаған еді: ұсақ-түйек материалдарды қалыптау және ұнтақты металлургияның ықшам нысандары бойынша, көмір мен көміртекті материалдарды өңдеу бойынша, пирометаллургиялық процестер бойынша, прокат өндірісі және тәжірибелік-өндірістік зәріт зауыты бойынша.

Шығарылған ақпарат көзі: altaynews.kz

Басқа жаңалықтар

Бердикулова Феруза Асановнаның мерейтойы

Бердикулова Феруза Асановнаның мерейтойы

ВНИИцветмет Грузияның ірі тау-кен компаниясы — RMG Copper-мен ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда

ВНИИцветмет Грузияның ірі тау-кен компаниясы — RMG Copper-мен ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда

Сайлаубай Байсановтың 75 жылдық мерейтойына арналған МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ОЧЕРК

Сайлаубай Байсановтың 75 жылдық мерейтойына арналған МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ОЧЕРК

Sustainable Industrial Processing Summit 2025: ғылым мен технологияның симбиозына негізделген тұрақты даму

Филиппиннің Себу қаласында «Sustainability through Science and Technology / Sustainable Industrial Processing Summit (SIPS 2025)» атты тұрақты даму мәселелеріне арналған жыл сайынғы Саммит өткізілді.

Қазақстандық ғалымдар өз кендерінен ванадий электролитін алу технологиясын әзірледі

Қазақстандық ғалымдар өз кендерінен ванадий электролитін алу технологиясын әзірледі

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз