Абдурасул ЖАРМЕНОВ, «ҚР Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы» РМК бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор, екі мәрте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Өтіп бара жатқан 2016 жыл бүкіл адамзат үшін оңай болған жоқ. Елбасының көреген саясатының арқасында Қазақстан өрши түскен дағдарыс жағдайында да Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына лайықты деңгейде келіп жетті.
Әлемдік ауқымдағы ең ірі жобалардың бірі – ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін жүзеге асыру қарсаңында келе жатқан жыл жауапты болғанымен, мемлекет өмірінің барлық саласын дамыту үшін зор мүмкіндіктерге жол ашады деп сенемін.
Дәстүрлі түрде тау-металлургия саласы еліміздің ұлттық экономикасының негізін құрайды. Біздің республика қатты пайдалы қазбаларды өндіру көлемі бойынша әлемде 12–13-орын алады. Мұнай бағасының құлдырауынан кейін жалпы кіріс құрылымында металл сату арқылы түскен валютаның үлесі айтарлықтай артты. Біз металл өнімдерін экспорттауда тәжірибелі елміз және бұл нарықта өз орнымыз бар.
2017 жылы осы жылы іске қосылған мыс, шойын, отқа төзімді бұйымдар, кокс және басқа да өнімдерді өндіретін бірқатар кәсіпорындардың өндіріс көлемін арттыру, сондай-ақ Қарағанды мен Қызылорда қалаларында екі ірі ферроқорытпа зауытының құрылысын бастау күтілуде.
Мен ерекше атап өткім келеді: индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында жүзеге асырылып жатқан осы жобалардың барлығында дерлік отандық металлургия ғылымы, соның ішінде біздің Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы белсенді түрде қатысып келеді. Сонымен қатар шетелдік инвестициялар миллиардтаған доллармен өлшеніп, бір жағынан шетелдік әріптестердің қызығушылығын, екінші жағынан әлемдік бизнестің сенімін көрсетіп отыр.
Менің ойымша, келер жыл қазақстандық металлургтер үшін айтарлықтай серпіліс жылы, жаңа өндірістер мен жаңа өнімдердің дүниеге келу жылы болмақ. Бұған барлық қажетті алғышарттар бар. Ең бастысы – белгілі бір жаңа жылдық фильмнің кейіпкері айтқандай, мақсатты көру және оған жетуге ұмтылу.
Барлық әріптестерімді – ғалымдарды, металлургтерді және отандастарымды Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! Тау-металлургия саласын жаңғырту ісінде инновациялық шешімдерге, бәсекеге қабілетті, ғылымға негізделген экономиканы құруға және бейбіт, жарық болашаққа жетуді тілеймін!
Дереккөз: dknews.kz
Басқа жаңалықтар
Бердикулова Феруза Асановнаның мерейтойы
ВНИИцветмет Грузияның ірі тау-кен компаниясы — RMG Copper-мен ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда
Сайлаубай Байсановтың 75 жылдық мерейтойына арналған МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ОЧЕРК
Филиппиннің Себу қаласында «Sustainability through Science and Technology / Sustainable Industrial Processing Summit (SIPS 2025)» атты тұрақты даму мәселелеріне арналған жыл сайынғы Саммит өткізілді.
Қазақстандық ғалымдар өз кендерінен ванадий электролитін алу технологиясын әзірледі