Ғылым мен өндірістің дамуына қосқан үлесі: профессор Айқұловқа Д. К. 65 жыл!

10.02.2023

2023 жылғы 8-ақпанда техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Халықаралық Инженерлік академиясының және Ұлттық Инженерлік академиясының академигі Айтқұлов Досмұрат Қызылбиұлына 65 жыл толады!

Айтқұлов Д.К. – металлургия және химиялық технология саласындағы танымал ғалым және жоғары мектептің педагог - ұйымдастырушысы. Кафедра инженерінен бастап университет ректорына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің департамент басшысына дейін ұйымдастырушылық, ғылыми, педагогикалық және кәсіби қызметтің барлық кезеңдерінен өтті. 40 жылдық жұмыс кезеңінде елімізде қоғамның, жоғары білім мен ғылымның дамуына елеулі үлес қосты.

Айтқұлов Д. К. 2007-2012 жылдар аралығында Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болды. 2006 жылы ҚР экологиялық кодексін құру жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысына және 2014-2016 жылдары - жоғары оқу орындарында жоғары білікті кадрларды даярлаудың жай-күйін зерделеу және елдегі ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі Үкімет пен Парламенттің сараптамалық тобының мүшесі және басшысы болды. 2016 жылдан бастап ҚР БҒМ ғылым саласындағы атаулы сыйлықтарды және жетекші және талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру жөніндегі комиссиясының жұмысына белсенді қатысады. "Самғау" ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы" Қорының Басқарушы комитетінің мүшесі болып табылады. 2022 жылы сарапшы ретінде қол жетімді ең жақсы техникалар бойынша салалық анықтамалықтарды жасауға қатысты.

Ғылым мен білім беру, қоғамды дамыту саласындағы ерекше еңбегі үшін "Астанаға 10 жыл" және "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" медальдарымен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен, А. Байтұрсынов және Ы.Алтынсарин атындағы күміс медальдармен марапатталған, "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін", "Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен және "ҚР Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының дамуына қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен, медалімен марапатталған, академик А. Куленова "отандық тау-кен металлургия саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін", 2020 жылы П. Капица "ғылыми жаңалықтың авторы" күміс медалімен марапатталған.

Басқа жаңалықтар

Бердикулова Феруза Асановнаның мерейтойы

Бердикулова Феруза Асановнаның мерейтойы

ВНИИцветмет Грузияның ірі тау-кен компаниясы — RMG Copper-мен ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда

ВНИИцветмет Грузияның ірі тау-кен компаниясы — RMG Copper-мен ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда

Сайлаубай Байсановтың 75 жылдық мерейтойына арналған МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ОЧЕРК

Сайлаубай Байсановтың 75 жылдық мерейтойына арналған МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ОЧЕРК

Sustainable Industrial Processing Summit 2025: ғылым мен технологияның симбиозына негізделген тұрақты даму

Филиппиннің Себу қаласында «Sustainability through Science and Technology / Sustainable Industrial Processing Summit (SIPS 2025)» атты тұрақты даму мәселелеріне арналған жыл сайынғы Саммит өткізілді.

Қазақстандық ғалымдар өз кендерінен ванадий электролитін алу технологиясын әзірледі

Қазақстандық ғалымдар өз кендерінен ванадий электролитін алу технологиясын әзірледі

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз