Бердикулова Феруза Асановнаның мерейтойы

05.12.2025

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды сүйемелдеу саласындағы Орталықтың жетекші мамандарының бірі Бердіқұлова Феруза Асанқызын мерейтойымен құттықтайды.

Бердіқұлова Феруза Асанқызы 1975 жыл 6 желтоқсанда Шымкент облысы Түркістан ауданының «Қызыл жол» ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Х.А. Ясауи атындағы Қазақ-түрік халықаралық университетін «Экология» мамандығы бойынша үздік бітірді. 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультетінде «Сирек элементтер химиясы» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады.

Ф.А.Бердіқұлованың бүкіл кәсіби қызметі 2000 жылдан бастап «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК-мен тығыз байланысты. Еңбек жолын Таза химиялық заттар зертханасында инженер-зертханашы болып бастап, ол кәсіби өсудің барлық сатыларынан дәйекті түрде өтті: кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер. Кейін Феруза Асанқызы Ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды сүйемелдеу бөлімін, одан соң Орталықтың негізгі ғылыми-техникалық бағыттарын үйлестіруді қамтамасыз ететін Ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды сүйемелдеу департаментін басқарды.

2008 жылы Ф.А.Бердіқұлова осмий мен ренийді селективті түрде бөліп ала отырып мыс өндірісінің қорғасын шламдарын өңдеу технологиясын әзірлеу тақырыбына кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. 2009 жылы оған техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді, ал 2023 жылы «Материалдар инжинирингі» бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді. Феруза Асанқызының ғылыми қызығушылығы мыс және сирек металдар өндірісінің техногендік шикізатын өңдеу мәселелерімен байланысты. Ол бірлескен авторлықта 70-тен астам ғылыми еңбек жариялаған, оның ішінде монография, 43 мақала және Қазақстан Республикасының 26 патенті бар. Алынған нәтижелер қолданбалы сипатқа ие және салалық кәсіпорындарда пайдаланылады.

Ф.А.Бердіқұлова жас кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөледі. Ол студенттік және дипломдық жұмыстарға ғылыми жетекшілік етеді, жас мамандарға эксперимент жүргізу, нәтижелерді өңдеу және жарияланымдарды дайындау мәселелері бойынша кеңес беріп, инженерлер мен зерттеушілердің жаңа буынын қалыптастыруға үлес қосып келеді. Әріптестер үшін Феруза Асанқызы жоғары кәсіби мәдениеттің, жауапкершіліктің және іске, әрі адамдарға талапшыл, бірақ құрметке негізделген көзқарастың үлгісі. Оны ұқыптылық, байыптылық және ғылыми ұжымдармен, өндірістік серіктестермен де конструктивті диалог құра білу қабілеті ерекшелейді.

Ф.А.Бердіқұлованың жоғары кәсібилігі мен көпжылдық адал еңбегі мемлекеттік және ведомстволық наградалармен атап өтілді. 2016 жылы ол «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен, 2021 жылы «Еңбек Даңқы» III дәрежелі төсбелгісімен марапатталды.

«ҚР МШКҚӨ ҰО»РМК ұжымы Бердіқұлова Феруза Асанқызына Орталықтың ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды сүйемелдеуге қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғыс білдіреді, және де зор денсаулық, амандық, сондай-ақ алдағы уақытқа кәсіби табыстар тілейді.

Басқа жаңалықтар

Бердикулова Феруза Асановнаның мерейтойы

Бердикулова Феруза Асановнаның мерейтойы

ВНИИцветмет Грузияның ірі тау-кен компаниясы — RMG Copper-мен ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда

ВНИИцветмет Грузияның ірі тау-кен компаниясы — RMG Copper-мен ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда

Сайлаубай Байсановтың 75 жылдық мерейтойына арналған МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ОЧЕРК

Сайлаубай Байсановтың 75 жылдық мерейтойына арналған МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ОЧЕРК

Sustainable Industrial Processing Summit 2025: ғылым мен технологияның симбиозына негізделген тұрақты даму

Филиппиннің Себу қаласында «Sustainability through Science and Technology / Sustainable Industrial Processing Summit (SIPS 2025)» атты тұрақты даму мәселелеріне арналған жыл сайынғы Саммит өткізілді.

Қазақстандық ғалымдар өз кендерінен ванадий электролитін алу технологиясын әзірледі

Қазақстандық ғалымдар өз кендерінен ванадий электролитін алу технологиясын әзірледі

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз