Отандық металлургия ғылымының жарқын тұлғаларының бірі Сайлаубай Байсанов Ақтөбе облысы Челкар ауданының 7-ші Ауылдық Кеңесінде дүниеге келген. Оның кәсіби еңбек жолы «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК-ның «Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институты» филиалымен тығыз байланысты, ғылымға адалдықтың, жоғары біліктіліктің және саланы дамытуға жүйелі қызмет етудің үлгісіне айналды.
Мәскеу болат және қорытпалар институтын 1974 жылы тәмамдағаннан кейін ол еңбек жолын Ж. Әбішев атындағы ХМИ-ден бастады, күрделі ғылыми міндеттерді шешуге қабілетті зерттеуші ретінде танылды. Асперантурада академик Е.А. Бөкетовте оқуы оның фазалық тепе-теңдіктердің физика-химиясы саласындағы ғылыми қызығушылығын айқындап, келешек жетістіктерінің берік негізін қалады.
С. Байсанов 25 жылдан астам уақыт бойы металлургиялық балқымалар зертханасын басқарып, жаңа ғылыми бағыттарды дамытып, институттағы іргелі зерттеулерді нығайтуға елеулі үлес қосып келеді. 2001 жылы ол техногендік шикізатты қайта өңдеу және ферросиликоалюминий алу технологияларын жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Ол әзірлеген қорытпалар мен оларды алу әдістері Қазақстан кәсіпорындарында енгізілді, шетелде де мойындалды.
Ғалымның отандық марганец өнеркәсібін дамытуға және Екібастұз, Теміртау мен Тараз қалаларындағы өндірістерді жаңғыртуға қосқан үлесі айрықша. Ол 50 жылдан астам уақыт бойы салаға кадр дайындаумен айналысып келеді. Оның ғылыми жетекшілігімен ондаған диссертация қорғалып, көптеген шәкірттері жетекші мамандар мен ғылыми әрі өндірістік бағыттағы басшыларға айналды.
1997 жылы оның бастамасымен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінде металлургия кафедрасы ашылды, бұл өңірдің маңызды білім беру орталығына айналды және инженерлік кадрлар даярлауға елеулі үлес қосты.
2017 жылдан бастап Сайлаубай Байсанов Ж. Әбішев атындағы ХМИ-ді басқарып келеді, институттың тұрақты дамуын қамтамасыз етуде, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда, ғылыми әзірлемелерді енгізуге және ірі ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асыруға нақтылы қолдау көрсетуде. Ол 428-ден астам ғылыми еңбектің авторы, Хирш индексі 7-ге тең.
2025 жылы металлургия ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен наградталды. Оның қызметі Қазақстан ғылым тарихының маңызды бөлігі болып табылады және ғалымның ел, сала және кәсіби қауымдастық алдындағы жауапкершілігінің жарқын үлгісі болып саналады.
Құрметті Сайлаубай Байсанұлы! «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК Сізді 75 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды!
Сіздің көпжылдық еңбегіңіз, орасан ғылыми нәтижелеріңіз, отандық металлургияны дамытуға және жоғары білікті кадрлар даярлауға қосқан үлесіңіз зор құрмет пен алғысқа лайық. Біз Сіздің Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институты мен жалпы ҚР МШКҚӨ ҰО жүйесінің ғылыми әлеуетін нығайтудағы айрықша рөліңізді жоғары бағалаймыз. Сізге мықты денсаулық, отбасылық амандық, сарқылмас шабыт және жаңа маңызды жетістіктер тілейміз. Сіздің мол тәжірибеңіз, қажыр-қайратыңыз, ғылыми даналығыңыз алдағы уақытта да ғылымның дамуына және Қазақстан Республикасының өркендеуіне қызмет ете берсін.
Басқа жаңалықтар
Бердикулова Феруза Асановнаның мерейтойы
ВНИИцветмет Грузияның ірі тау-кен компаниясы — RMG Copper-мен ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда
Сайлаубай Байсановтың 75 жылдық мерейтойына арналған МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ОЧЕРК
Филиппиннің Себу қаласында «Sustainability through Science and Technology / Sustainable Industrial Processing Summit (SIPS 2025)» атты тұрақты даму мәселелеріне арналған жыл сайынғы Саммит өткізілді.
Қазақстандық ғалымдар өз кендерінен ванадий электролитін алу технологиясын әзірледі