2026 жылғы 2 сәуірде Алматы қаласында «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК (ҚР МШКҚӨ ҰО) Ғылыми кеңесінің жоспарлы отырысы өтті. Қатысушылар құрылымдық бөлімшелердің ғылыми-ұйымдастырушылық және қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі мәселелерін қарастырды.
Филиал директорларының (Д. А. Қонаев атындағы ТКІИ Е.Т. Өтешовтың, ШҒЗИтүстімет И.В.Старцевтің, «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ Э. Б. Бейсембаевтың, Ж. Әбішев атындағы ХМИ С. О. Байсановтың, Астаналық филиал Б. Н. Сәтбаевтың) және ҚР МШКҚӨ ҰО-ның ғылымды дамыту бөлімі бастығының (Ғ.К. Малдыбаевтың) есепті баяндамаларын тыңдап, ҚР МШКҚӨ ҰО Ғылыми кеңесі ұйымның өткен жылғы жұмыс тиімділігін атап өтті.
Күн тәртібінде сондай-ақ жастар саясаты, жариялану белсенділігі, ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқан ғалымдар мен мамандарды көтермелеу мәселелері қаралды.
Отырыс ел экономикасын нығайту мақсатында ҚР МШКҚӨ ҰО ғылыми қызметін одан әрі дамытуға бағытталған тиісті шешімдер қабылдаумен сындарлы жағдайда өтті.
Басқа жаңалықтар
Казахстан может заменить импортный карналлит — разработка ученых
Казахстанские ученые создают магниевое сырье
V Халықаралық экологиялық конгреске қатысу