Отандас ғалымдардың бір сыры – күріш өңдеу қалдықтарын пайдалану.
«Біз әлемдік деңгейдегі технологиялар кешенін жасадық, бұл жоғары сапалы болат өнімдерінің – легирленген, тот баспайтын, ыстыққа төзімді, коррозияға төзімді, электротехникалық және басқа да болат түрлерінің отандық өндірісін бастауға мүмкіндік береді, бұл машина жасау, автомобиль жасау және мұнай-газ саласына арналған кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттырады».
Қазақстандық ғалымдардың жаңа әзірлемесін осылай сипаттады Н.А. Абықаев – «Болат өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететін төмен сапалы (жоғары фосфорлы буро-теміркендік) және техногендік шикізатты қайта өңдеуге тарту жөніндегі әлемдік деңгейдегі технологияларды әзірлеу және оларды коммерцияландыру» атты жұмыстың жетекшісі. Бұл еңбек 2017 жылы Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ұсынылды. Ғалымдар ұжымы еңбегін Алматыда өткен «Қазақстанның машина жасау саласын шикізатпен қамтамасыз ету» тақырыбындағы «дөңгелек үстелде» таныстырды. Іс-шараны Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстанның Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы, «Атамекен» ҰКП, Қазақстан машина жасаушылар одағы және ҚР Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы ұйымдастырды. Ұсынылған жұмыс алдын ала іріктеуден өтіп, «дөңгелек үстел» барысында талқыланды.
Кездесу барысында атап өтілгендей, бірегей авторлық әзірлемелер сәтті сынақтан өтіп, Қазақстан мен Ресейдің түрлі кәсіпорындарында енгізілген.
Бұл әзірлемелер машина жасау үшін барлық металлургиялық өндіріс кезеңдерінде — шикізат базасын кеңейтуден бастап, жоғары сапалы болат қорытпаларына дейін — бәсекеге қабілетті металл өнімін алуға мүмкіндік береді, әрі айтарлықтай экономикалық, экологиялық және әлеуметтік әсер береді. Болаттың 1 тоннасының өзіндік құны 10 АҚШ долларына төмендеді. Бұрын сұраныс аз болған жергілікті шикізаттан сапалы темір концентраты алынды. Оның өзіндік құны қазіргі өндірісте қолданылып жүрген концентраттан 38%-ға төмен.
Қазақстандық комбинатта алғаш рет Х80 беріктік санатындағы арнайы мақсаттағы болат қорытылып, илектелді. Бұл болат маркасына деген сұраныс жоғары, өйткені ол мұнай-газ құбырларын өндіруде қолданылады және Ақтау құбыр зауытының толық қуатта жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Академия мен орталықтың ғалымдары күріш өңдеу қалдықтары сияқты бейметалл шикізаттан алюминий мөлшері төмен ферросилиций алу бойынша бірегей технология әзірлеу арқылы бәсекеге қабілетті электротехникалық болаттарды шығару мүмкіндігін қамтамасыз етті. Бұл технология өндірістік шығындарды баламалармен салыстырғанда 250 АҚШ долларына азайтады. Сондай-ақ болат қорыту өндірісінде тапшы қайта балқытылатын шойын мен металл сынықтарының орнына темірлі металлургиялық қалдықтарды қолдану мәселесі шешілді. «KSP Steel» және «Кастинг» ЖШС-де жүргізілген сынақтар көрсеткендей, металлоломды 10%-ға дейін ауыстыру болаттың 1 тоннасының қорыту шығынын 18 АҚШ долларына азайтады.
Негізгі металлургиялық агрегаттардың өнімділігі мен сенімділігін арттыру мақсатында жаңа отқа төзімді материалдар жасалды. Оларды қолданудың тиімділігі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-де жүргізілген сынақтардың оң нәтижелерімен дәлелденді. «Казцинк» ЖШС-де бұл отқа төзімді материалдарды енгізу жылына 2715,6 тонна бастапқы мыс өндіру көлемін ұлғайтуға және жылдық экономикалық тиімділікті 55,6 млн теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта АМТ-де жалпы көлемі 2500 тоннаға және құны 1,5 млрд теңгеге дейінгі түрлі отқа төзімді массалар тұрақты қолдануға қабылданды.
«Дөңгелек үстел» қатысушылары талқыланған жұмыстың жоғары маңыздылығын және авторлар ұжымының қоғам мен мемлекет алдындағы елеулі еңбегін атап өтті.
Дереккөз: dknews.kz
Басқа жаңалықтар
«2025 год РГП «НЦКПМС РК» в цифрах и лицах»
Қазақстанда 2025 жылы 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды
Ғылым мен өнеркәсіпке адалдық: Эра Ли - Қазақстанның тау-кен металлургия саласының танымал маманы
Отандық бизнес реттелетін сатып алуларға ОТӨ Реестрі арқылы қол жеткізе алады